«Open Space» форматында бәсекеге қабілетті саясатты іске асыру жолындағы алғашқы қадамдар

«Open Space»  форматында бәсекеге қабілетті саясатты іске асыру жолындағы алғашқы қадамдар

Ағымдағы жылы 2 қазанда монополияға қарсы органның қызметінде айтулы іс-шара өтті. Алғаш рет «Open Space» ашық форматында Қазақстан Республикасында бәсекелестік саясатты дамытудың жоспарланған бағыттары талқыланды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ұсынған жаңа алаңға, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар белсенді қатысты.

Агенттік төрағасы Серік Жұманғарин өзінің құттықтау сөзінде алдағы уақытта жұмыста бәсекеге қабілетті орта құруға, сондай-ақ монополияға қарсы органның ақпараттық ашықтық деңгейін арттыруға баса назар аударылатынын атап өтті.

Өткен іс-шараның негізгі тезисі бәсекелестікті дамыту барлық органдардың міндеті болуы тиіс. Ол үшін салалар мен өңірлердегі негізгі нысаналы көрсеткіштерді индикациялау жоспарлануда (кәсіпкерлер санын ұлғайту, шоғырлану деңгейін төмендету, ШОБ үлесін ұлғайту, бір көзден сатып алу үлесін азайту және т.б.).

Сондай-ақ, бірінші интерактив аясында қатысушылар отын-энергетика кешені саласындағы проблемалық мәселелерді қарады, атап айтқанда, сұйытылған мұнай газын сату мәселелері қызу талқыланды.

Кездесу соңында Серік Жұманғарин қатысушыларға нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтып, жұмысына табыс тіледі.

Жалпы, мұндай кездесулердің форматы тұрақты болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Агенттікпен монополияға қарсы орган жұмысының транспаренттілігі және бәсекелестік ортаны құру бойынша бірлескен күш-жігер туралы декларация жариялаған болатын. Сілтеме - https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/71052?lang=ru