АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНДІ ЖӘНЕ ТАКСИ ШАҚЫРУҒА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚАЛАРАРАЛЫҚ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫ

АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНДІ ЖӘНЕ ТАКСИ ШАҚЫРУҒА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚАЛАРАРАЛЫҚ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылдан 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі кезеңде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) такси шақыруға арналған мобильді қосымшаны қолдану арқылы қалаларалық жолаушы тасымалы қызметтері нарығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде нарықтың жоғары шоғырлануы және «Inservice» ЖШС-нің доминантты жағдайы анықталды.

Сондай-ақ аталған нарықта бәсекелестіктің дамуына тосқауыл болатын кедергілер мен проблемалық мәселелер анықталды. Олар –  бастапқы қыруар инвестициялар , IT-платформаны әзірлеу: қосымша жасау (жолаушылар мен жүргізушілерге арналған), серверлік инфрақұрылым құру, логистика алгоритмдері, картография және маршруттау.

Сонымен қатар, тиімді жұмыс істеу үшін техникалық қолдау мен деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

Бұдан бөлек, платформалық жұмыспен қамту аясында жүргізушілерден артық құжаттарды талап ету заңнамалық деңгейде белгіленген.

Агенттік анықталған кедергілер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдап, оларды әрі қарай қарастыру мен жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

 

Талдау туралы толық ақпаратпен сілтемеге өтіп таныса аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/885673?lang=ru

 

 

Сурет ашық дереккөзден алынды.