Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021–2024 жылдар аралығындағы автосақтандыру нарығындағы бәсекелестіктің деңгейін анықтау және шаралар кешенін әзірлеу мақсатында жоспарлы талдауды аяқтады.
Қазіргі уақытта автосақтандыру нарығы орташа шоғырланған және 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті (ҚҚИАҚЖ) және ерікті (КАСКО) автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру қызметтерін көрсететін 15 сақтандыру ұйымын қамтиды.
Талдау барысында сақтандыру агентінің тек бір ғана сақтандыру ұйымының мүддесін ұсынуы түріндегі бәсекеге кедергі анықталды. Бұл жағдай сақтандыру нарығында да, агент қызметтері нарығында да бәсекені шектейді.
Сонымен қатар, талдау барысында міндетті және ерікті сақтандыру нарықтарына реттеушілік әсер ету нәтижелері байқалды.
Мысалы, міндетті сақтандыру нарығында қызмет құны мен төлемдердің шекті мөлшерлерін реттеу жағдайында сақтандыру төлемдерінен кейінгі қалдық қаражат бойынша теріс динамика қалыптасты.
Егер 2021 жылы міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына түскен 100,7 млрд теңге сыйақының 37,8 млрд теңгесі немесе 38%-ы төлемдерге жұмсалып (қалдық – 62,9 млрд теңге немесе 62%), 2024 жылы 116 млрд теңгенің 80 млрд теңгесі немесе 79%-ы төлемдерге жұмсалып (қалдық – 36,6 млрд теңге немесе 31,4%) қалған.
Керісінше жағдай ерікті сақтандыру нарығында байқалды. Мұнда сақтандыру сыйақылары мен төлемдерінің мөлшері реттелмейтіндіктен, жинақталған қаражат көлемі мен төлемдерден кейінгі қалдық бойынша оң динамика қалыптасты. Егер 2021 жылы 36,7 млрд теңге сыйақының 10,3 млрд теңгесі немесе 28%-ы төлемдерге жұмсалып (қалдық – 26,4 млрд теңге немесе 72%), 2024 жылы 106 млрд теңгенің 28,5 млрд теңгесі немесе 27%-ы төлемдерге жұмсалып (қалдық – 77,4 млрд теңге немесе 73%) қалған.
Осылайша, міндетті сақтандыру нарығындағы қолданыстағы шектеулер теңгерімсіз баға қалыптастыру тәуекелдерін туындатады және нарық қатысушыларының қаржылық көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты, уәкілетті мемлекеттік органға (ҚНРДА) келесі ұсыныстар берілді:
- сақтандыру агенттерін таңдау шектеулерін алып тастау;
- міндетті сақтандыру нарығында баға бәсекелестігін күшейту мақсатында тұрақты мөлшерлемелердің орнына сақтандыру сыйақыларының шекті мөлшерлерін белгілеу және төлемдердің шекті мөлшерін алып тастау.
Талдау туралы толық ақпарат сілтемеге өтіп таныса аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/885114?lang=ru
Сурет Inbusiness.kz сайтынан алынды.