«ҚАПШАҒАЙ ӨҢІРІНІҢ ГАЗ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ

«ҚАПШАҒАЙ ӨҢІРІНІҢ ГАЗ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізілген талдау және Алматы облысының прокуратурасы ұсынған ақпарат негізінде «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС-нің әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

ЖШС коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылармен тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарттарын жасасу кезінде ай соңында газды толық алмау немесе тұтынудан бас тарту жағдайында тұтынушыдан пайдаланылмаған газ көлемінің құнынан 10% мөлшерінде «жіберілген пайданы өтеу» талаптарын қосқан. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңында және Газ сату ережелерінде көзделмеген.

Сондай-ақ талдау барысында, серіктестік жыл сайынғы міндетті тұрмыстық газ жабдықтарына (ТҚЖ) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде жүргізбегені, алайда көрсетілмеген қызметтер үшін де шот-фактуралар ұсынғаны анықталды.

Көрсетілмеген қызмет үшін төлем алу адал кәсіпкерлік қағидаттарын бұзып, жеткізушінің шарттық міндеттемелерін орындауға деген қызығушылығын төмендетеді.

Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасына сәйкес, доминанттық жағдайды теріс пайдалану ретінде сараланады.

Талдау қорытындысы бойынша серіктестікке:

  • Газды толық алмау жағдайында «жіберілген пайданы өтеу» туралы шарттарды келісімдерден алып тастау;
  • ТҚЖ бойынша көрсетілмеген міндетті қызметтер үшін шот-фактураларды ұсынуды тоқтату жөнінде хабарлама жіберілді.

Департаменттің хабарламасын Серіктестік толық  орындады.