АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН КЕЙІН ТАРИФТЕРДІ ТӨМЕНДЕТТІ

АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН КЕЙІН ТАРИФТЕРДІ ТӨМЕНДЕТТІ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті нан қабылдау кәсіпорындарының қызмет көрсету нарығындағы — астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту қызметтерінің бәсекелестік жағдайын талдады.

Нәтижесінде 21 кәсіпорынға үстемдік жағдайын теріс пайдалану белгілері бойынша хабарламалар жіберілді. Бұзушылықтар астықты автокөлік және теміржол көлігімен жөнелту тарифтерінің аптаның күндері мен мерекелік күндеріне қарай негізсіз айырмашылығы түрінде көрінді.

20 кәсіпорын монополияға қарсы органның дәлелдерін қабылдап, тарифтерді төмендетті. Бұл орақ науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығына түсетін жүктемені азайтады.

Бір кәсіпорын хабарламаны орындаудан бас тартты — оған қатысты тергеп-тексеру ісі басталды.

 

 

 

 

Сурет: inbusiness.kz