Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті JAC маркалы автокөліктердің Қызылорда қаласындағы ресми дилері – «DCG ORDA» ЖШС қызметіне қатысты тұрғындардан келіп түскен өтінішті қарады.
Тексеру барысында автосалон жасасқан сатып алу-сату шарттарында автокөліктің кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін техникалық қызмет көрсетуді міндетті түрде тек «DCG ORDA» ЖШС-нің ресми сервистік орталықтарында өтуі тиіс деген талаптың бар екені анықталды. Бұл талап бұзылған жағдайда кепілдік күшін жояды деп көрсетілген. Мұндай шарт тұтынушылардың құқықтарын шектеп, автокөлікке кейінгі техникалық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікке кедергі келтірген.
Анықталған бұзушылықтарды жою және мұндай тәжірибені тоқтату туралы департамент «DCG ORDA» ЖШС-не тиісті хабарлама жолдады.
Компания хабарламада көрсетілген талаптарды белгіленген мерзімде толық орындады.