«РЕСЕЙ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ» АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

«РЕСЕЙ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ» АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы шегінде 2024 жыл мен 2025 жылдың қаңтар–ақпан айлары аралығындағы кезеңде вагондардың электронды таразыларын метрологиялық қамтамасыз ету (тексеруге арналған бақылау жүгін ұсыну) қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайға жоспардан тыс талдау жүргізуді аяқтады.

Талдау жүргізуге себеп болған – «Agrimer Mamlutka» ЖШС-нің Петропавл бөлімшесі – «Ресей темір жолдары» ААҚ-ның Оңтүстік Орал темір жолы филиалы тарапынан метрологиялық қызмет көрсету бағасының өсуіне қатысты жолдаған өтініші.

Өтінішке сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Ресей темір жолдары» ААҚ филиалы қызмет құнын 9,5%-ға арттырып, ҚҚС-ты есепке алғанда 845 261,76 теңгеге дейін көтерген. Бұл ретте Қазақстанның басқа өңірлерінде осыған ұқсас қызметтің құны шамамен 391 000 теңгені құрайды.

Талдау нәтижелері бойынша монополиялық жоғары бағаны белгілеу түріндегі бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылу белгілері анықталды. Аталған әрекет Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасына сәйкес келеді.

Осыған байланысты монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді бастады. Оның мерзімі 3 айдан 5 айға дейінгі аралықты қамтиды.\

 

 

Бейне ашық дереккөздерінен алынды.