Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Жетісугаз корпорациясы» АҚ қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде Корпорация қызметінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Атап айтқанда, корпорация тұтынушыларға баллондарда сұйытылған мұнай газын сату кезінде әртүрлі бағаларды қолданғаны анықталды.
Анықталған бұзушылықтар негізінде департамент «Жетісугаз корпорациясы» АҚ-ға тиісті хабарлама жіберді.
Қазіргі уақытта хабарлама толық көлемде орындалып, сұйытылған мұнай газы барлық тұтынушылар үшін бірдей бағамен сатылуда.