МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН АВТОДИЛЕР ҚЫЗМЕТІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН АВТОДИЛЕР ҚЫЗМЕТІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қаласындағы (Geely ресми дистрибьюторы) «G Motors Uralsk» ЖШС-нің әрекеттеріне қатысты өңір тұрғындарының ұжымдық өтінішін қарастырды.

Тексерістің аясында автосалон мен сатып алушы арасында жасалған сатып алу-сату шарттарында көлікті кепілдік мерзімі ішінде тек «G Motors Uralsk» ЖШС-нің ресми дилерлік сервис орталықтарында техникалық қызмет көрсетуден өту талабы көзделгені анықталды. Бұл талап орындалмаған жағдайда кепілдік жөндеуден бас тарту қарастырылған еді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тауар өткізу кезінде қосымша шарттарды мәжбүрлеп таңу – жосықсыз бәсекелестік және заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты, Департамент тарапынан «G Motors Uralsk» ЖШС-не анықталған бұзушылықтарды жою және оларды тоқтату қажеттігі туралы хабарлама жолданды.

Қазіргі уақытта хабарлама толық орындалды, шарттар бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.