«АLAN» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТА ТҰРУ ТУРАЛЫ

«АLAN» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТА ТҰРУ ТУРАЛЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Аlan» тауар биржасы» АҚ (2023 жылғы 22 маусымдағы (№ KZ34LDU00004224) берген тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Шешім «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 1-1-тармағына сәйкес субъектінің ерікті өтініші негізінде қабылданды.

БҚДА Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, екінші санаттағы рұқсаттардың немесе лицензиялардың иелері қызметтің жекелеген түрлерін (кіші түрлерін) не осы рұқсаттар мен (немесе) рұқсатқа қосымшалар берілген әрекеттерді (операцияларды) олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда жүзеге асыруға жол берілмейтінін еске салады.