ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ БӘСЕКЕЛІК САЯСАТТЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ БӘСЕКЕЛІК САЯСАТТЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Минскіде өткен 2025 - «Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытындылар мен перспективалар» атты Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарының өкілдері, сондай-ақ ЮНКТАД пен БРИКС халықаралық сарапшылары қатысқан «Қазіргі заманғы бәсекелестік саясаты: сын-қатерлер мен келешек» атты бәсекелестік блогы бойынша панельдік сессия өтті.

Сессия барысында ЕАЭО елдері мен шетелдік әріптестердің жаһандық жағдайдағы бәсекелестік саясатын қолдану тәсілдері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан Қазақстанда жүргізіліп жатқан негізгі тауар нарықтарын демонополизациялау және бәсекелестікті дамыту бойынша ауқымды жұмыстардың нәтижелерімен сессияға қатысушыларды таныстырды. Сонымен қатар, Агенттік ұлттық, өңірлік және жаһандық міндеттерді ескере отырып әзірлеген тәжірибелерімен бөлісті.