БҚДА «ҚАРАЖЫРА» АҚ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

БҚДА «ҚАРАЖЫРА» АҚ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Абай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Қаражыра» АҚ қатысты бастаған тергеп-тексеруді бастау туралы бұйрықты заңды және негізделген деп таныды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 216 - бабының 2-тармағында көзделген негіздердің жоқтығына сілтеме жасай отырып, тауар нарығын талдау жөніндегі қорытындыда тиісті немесе салыстырмалы нарықтағы, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұқсас бағадан асатын монополиялық жоғары бағаны қою белгілері жоқ деп мәлімдей отырып, тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығына дау айтты.

Сонымен қатар, тергеп-тексеруді бастауға коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін көмірді көтерме сату нарығында монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және қолдау белгілері негіз болды. Бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Қаражыра» АҚ осы нарықта үстем жағдайға ие деп танылды.

Жоғарғы сот монополияға қарсы органның ұстанымын қолдап, тергеп-тексеруді бастау үшін негіздердің болуын және БҚДА әрекеттерінің заңдылығын растады. 

 

 

 

Сурет ашық дереккөзден алынды.