Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу кезінде 21 мемлекеттік кәсіпорында бұзушылықтар анықталды.
Өз қызметін спорт, мәдениет және білім беру, сондай-ақ жылумен жабдықтау сияқты салаларда жүзеге асыратын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылғаны анықталды. Осылайша, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылды.
Заңнама талаптарына сәйкес жарғылық капиталында акцияларының 50% - дан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды немесе заңды тұлғаларды құру, сондай-ақ олардың қызметін кеңейту не өзгерту кезінде монополияға қарсы органнан келісімін алу талап етіледі. Бұл ретте осы субъектілер жүзеге асыра алатын қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге тиіс.
Мониторинг қорытындысы бойынша Департамент монополияға қарсы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою үшін бірқатар ұйғарымдар шығарды. Ұйғарымдарды кәсіпорындар уақтылы орындады.