ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ДЕПАРТАМЕНТІ «ӨСКЕМЕН ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ БАСТАДЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ДЕПАРТАМЕНТІ «ӨСКЕМЕН ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ қатысты тергеп-тексеруді бастады.

2022-2024 жылдар кезеңінде және 2025 жылғы қаңтарда облыс аумағында авиаотынды бөлшек саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспардан тыс талдау нәтижелері негіз болды.

Талдау қорытындысы бойынша «Өскемен әуежайы» АҚ-ның іс — әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды-монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде.

Бұзушылықтардың бар-жоғын растайтын немесе жоққа шығаратын объективті деректерді алу мақсатында тергеп-тексеру рәсімі басталды.

 

 

Сурет ашық дереккөзден алынды