МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізді.

Нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіру бөлігінде заңнаманы бұзушылықтар анықталды. Филиал дәнекерлеу-монтаждау жұмыстарының көлемін бөлу кезінде жекелеген ұйымдарға артықшылық беру және техникалық шарттарды алушыларды таңдау құқығын шектеу арқылы бәсекелестер үшін кедергілер жасады.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 159-бабының 5-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Филиал қорытындыларға жоғары тұрған орган мен соттарға шағымданды, бірақ шағымдар қабылданбады. Мұнайлы аудандық сотының және апелляциялық сатының шешімімен филиалға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

Филиалға бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарын жою туралы нұсқама енгізілді. Орындалмаған жағдайда мәжбүрлеп орындау және қосымша айыппұл салу жөнінде шаралар қабылданатын болады.