МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҮЗДІК МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҮЗДІК МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жыл сайын 7 маусымда аталып өтетін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы орган қызметкерлері күні қарсаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде салтанатты іс-шара өтті.

Атаулы күні Жүніс С.Р., Қамбарбекова А.Н., Шәріп А.М., Отаршинов Т.С., Балғазарова М.А., Габдуллина К.С., Альмагамбетова Д.Н., Успанова Г.С. және Пасечко Р.Е. «Монополияға қарсы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің 66 қызметкері адал бәсекелестікті дамытуға және бәсекелестік саясатты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Агенттік Төрағасы Марат Омаровтың атынан төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты жиында Агенттік басшысы қызметкерлерге кәсібилігі, бейжай қарамайтын ұстанымы мен адал бәсекелестік қағидаттарына деген адалдығы үшін ризашылығын білдірді.

«Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының монополияға қарсы орган қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әділ әрі адал бәсекелестікті қалыптастыру – елдің орнықты экономикалық дамуының басты шарты. Бұл бағыттағы әрқайсыңыздың монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге қосып жүрген үлестеріңіз жоғары бағаға лайық.

Бүгінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі – нарықтық үдерістердің ашықтығын және экономикалық мүмкіндіктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырған, салмақты шешімдер қабылдайтын беделді әрі сенімді институтқа айналды. Бұл – сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, жауапкершілік пен адал еңбектеріңіздің жемісі.

Сіздерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер, алға қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыруды және кәсіби жолда биік белестерді бағындыруды тілеймін! Республикамыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағасын алсын!», – деді Агенттік Төрағасы Марат Омаров.

Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз және мемлекеттік қызметтегі табыс пен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!