
2021 жылғы 23 маусымда сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Ашық үкімет платформасында Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі "нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануы" тақырыбында интернет-конференция өткізеді»
https://dialog.egov.kz/conference/1855 сілтемесі бойынша сұрақтар қалдырып, жедел жауаптар алыңыз.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған тақырып бойынша сауалнама жүргізілуде. Сіздің жауаптарыңыз тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде маңызды құрамдас бөлікке айналады.
Сауалнама "Ашық диалог" интернет-порталында келесі сілтеме бойынша жүргізіледі: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=2356
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.