Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тұтынушыларға жұмыс істеп тұрған тетіктен сұйытылған мұнай газын (СМГ) электрондық сауда алаңдары (ЭСА) арқылы толық өткізуге көшу тақырыбына сауалнама жүргізеді.
Сіздің жауаптарыңыз агенттікке СМГ-ның жаңа жеткізушілеріне қол жеткізу мүмкіндігін айқындауға мүмкіндік береді, СМГ-ны көтерме және бөлшек саудада өткізу нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде маңызды құрамдас бөлікке айналады.
Сауалнама 2021 жылғы 31 мамыр -11 маусым аралығында «Ашық диалог» порталында мына сілтеме бойынша жүргізіледі:
https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=2324
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.