Агенттік ұжымдық рухты дамытуға, қызметкерлердің белсенділігін арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған «Құндылықтар фестивалі» корпоративтік іс-шарасын өткізді.
Фестиваль аясында қызметкерлер мемлекеттік қызмет құндылықтарына, олардың маңыздылығына және кәсіби қызметте тәжірибеде қолданылуына арналған шығармашылық және ақпараттық материалдарды ұсынды.
Ұсынылған жұмыстарда кәсіби этика, жауапкершілік, адалдық, мемлекеттік қызмет принциптерін сақтау және қызметтік мінез-құлықтың жоғары мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет құндылықтарын жеткізуде мазмұнды және шығармашылық көзқарасты көрсететін үздік жұмыстар таңдалды.
Белсенділік танытып, танымдық материалдар дайындағаны үшін Алматы қалалық мемлекеттік қызмет басқармасы, Жетісу аудандық мемлекеттік қызмет басқармасы және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы алғыс хаттармен марапатталды.
Құндылықтар фестивалі қызметкерлерді мемлекеттік қызметтің ортақ қағидаттары төңірегінде біріктіруге, тәжірибе алмасуға және олардың күнделікті кәсіби қызметінде құндылықтарға негізделген тәсілдің маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді.