
Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылардың қосылуы Qosyl платформасы арқылы жүзеге асырылды.
Спикер ретінде Агенттіктің Әкімшілік-қаржы департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағат басқармасының бас консультанты Баян Сапабекқызы Бөлекова сөз сөйледі.
Іс-шара барысында жас мамандар мен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлерге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік тілді қызметтік қызметте қолдану, тіл мәдениеті мен іс жүргізу сапасын арттыру, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімін дамытуға қосқан үлесі талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар мемлекеттік тілді кәсіби қызметте кеңінен қолдану бойынша пікір алмасып, практикалық ұсынымдармен бөлісті.