Меню
Страницы

АГЕНТТІКТЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

АГЕНТТІКТЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Агенттікте психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқаруына жол бермеу мәселелеріне арналған семинар өтті.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасы мен қызметтік тәртібін арттыру, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында өткізілді.

Шақырылған спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері сөз сөйлеп, психобелсенді заттарды тұтынудың және осыған байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық және медициналық аспектілері туралы ақпарат берді.

Семинар барысында қатысушыларға заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігі, белгіленген мінез-құлық нормаларын сақтау және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық ұсынымдармен танысты.

Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызмет талаптарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Социальные медиа
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты