Меню
Страницы

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЯСАТЫ

Мемлекеттік қызметшілер арасында темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында Агенттікте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Салауатты өмір салтын қалыптастыру басқармасының басшысы Шынар Зинонқызы Абдрахманова қатысуымен тақырыптық семинар өткізілді.

Семинар барысында темекі өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зияны, темекі тұтыну деңгейін төмендету шаралары, сондай-ақ никотинге тәуелділіктің алдын алудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

Спикер қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы да ақпарат берді. Қазақстан Республикасында бұл бағыттағы талаптар жыл сайын күшейтілуде.

Заңнамалық шектеулер кәдімгі темекімен қатар кальяндарға, вейптерге, электронды темекілерге және темекіні қыздыру жүйелеріне де қолданылады. Кафелерде, мейрамханаларда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көліктерде, білім беру ұйымдарында, саябақтарда, балалар алаңдарында және өзге де қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынған.

Темекі түтінінен азат, қолайлы әрі қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар іс-шара барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат және халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға бағытталған шаралар туралы айтылды.

Семинарға қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын алдағы уақытта да өткізудің маңыздылығын жеткізді.

Социальные медиа
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты