Меню
Страницы

БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста электрондық құжат айналымы нарығындағы кедергілерді жою шаралары талқыланып, 2025 жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылды.

1) Электрондық құжат айналымы саласындағы бәсекелестікті дамыту
Кеңеске Агенттік бұрын жүргізген электрондық құжат айналымы жүйелерін ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері туралы ақпарат берілді. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері бірлескен «Жол картасын» іске асыру барысы туралы баяндады.

2) Қызмет нәтижелері және бюджет
Кеңеске 2025 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік барлық 11 негізгі көрсеткіштің 100% орындалуын қамтамасыз еткені туралы баяндалды. Атап айтқанда, тауар нарықтарында 14 кедергі жойылып, нормативтік құқықтық актілердің бәсекелестікке әсерін бағалау толық қамтылды және басқа да шаралар жүзеге асырылды.

Агенттіктің 3,8 млрд теңге көлеміндегі бюджеті 100% игерілді. Сонымен қатар, баяндама аясында Агенттік өкілдері өз цифрлық экожүйесін әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады, бұл монополияға қарсы бақылауды автоматтандыруға және бағдарламалық қамтамасыз етудің сыртқы жеткізушілеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Социальные медиа
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты