Меню
Страницы

БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бикебаев А.Ж. төрағалығымен бейнеконференцбайланыс форматындағы отырысқа Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің Қоғамдық кеңестерінің мүшелері қатысты.

БҚДА 2024 жылға арналған Даму жоспарының тиімді орындалғаны туралы баяндады. Жұмыстағы ілгерілеуді дәлелдейтін 12 нысаналы индикаторға қол жеткізілгені атап өтілді.

Жекешелендіруге жоспарланған 475 кәсіпорыннан тұратын тізім қалыптастырылып, Президент Әкімшілігіне жолданды. Сонымен бірге Қоғамдық кеңес жекешелендіру қарқынын жеделдету және экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту қажеттілігін, сондай-ақ реттеу және тарифтік саясатты түзету өзектілігін атап өтті.

Квазимемлекеттік сектор үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімінің жаңа форматы бекітілді. Тізімде енді компаниялардың атаулары, олардың нарықта болу мерзімдері және географиялық шекаралары көрсетілген. Бұрын құрылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне рұқсат беретін норма заңнамадан алынып тасталды, бұл мемлекеттің үлесін қысқартуға ықпал етеді.

Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің Қоғамдық кеңестерінің мүшелері аудиторлық ұйымдардың сапасын бақылау функцияларын Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңеске (АҚКК) беру мәселесін талқылап, АҚКК жұмысының оң нәтижелерін атап өтті.

Белсенді талқылау мен сындарлы пікір алмасу қорытындысы бойынша Агенттіктің және реттеу саясатының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшесі Микрюков Н.В. мемлекеттік сатып алуларға жекеменшік тәжірибенің қатысуын шектеуі мүмкін бастамаларды тежеудегі Агенттіктің үлесін атап өтті.

Социальные медиа
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты