БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ ЖОЛ КАРТАЛАРЫ

       «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығын орындау шеңберінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Үкіметпен бірлесіп бәсекелестікті дамыту бағыты бойынша жұмыс жүргізуде.

        Атап айтқанда, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп бәсекелестікті дамыту бойынша салалық жол карталарын қабылдады:

  • Мұнай және мұнай өнімдері нарығында;
  • Көмірді өткізу нарығында;
  • Азаматтық авиация саласында;
  • Агроөнеркәсіптік кешен саласында;
  • Тұрғын үй құрылысы саласында;
  • Денсаулық сақтау саласында;
  • Дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау қызметтері;
  • Телекоммуникация саласында;
  • ҚТҚ нарығында. 

        Теміржол көлігі, тауарлық газ, электр энергетикасы, қаржы нарықтары нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталары келісу сатысында. Тұжырымдаманың қолданылу мерзімі ішінде 2026 жылға дейін іс-шаралар пысықталуына қарай аталған жол карталары жаңартылып, басқа тауар нарықтары бойынша жаңалары қабылданатын болады.

        Жол карталарының орындалуына ай сайын мониторинг жүргізіліп отыратын болады. Сондай-ақ осы жұмысқа азаматтар белсенді қатыса алады. Егер Сіздің ойыңызша қандай да бір іс – шаралар орындалмаған жағдайда-өз ескертулеріңізді келесі мекенжай бойынша жіберуіңізді сұраймыз: (k.kense.azrk@azrk.gov.kz, (7172) 751641; 749701).

Дата публикации
28 февраля 2023