«Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

  1. «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26362 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы»;

1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет етеді.»;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

           Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

Бұйрыққа қосымша

 

2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрыққа 1-қосымша

 

Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар

 

Атауы

Тауар нарығының географиялық шекаралары

Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығынан алынатын шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

Облыс орталығынан шалғайдағы аудандар үшін (200 (екі жүз) шақырымнан астам) қосылған құн салығы бар шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

1.

Сұйытылған мұнай газы

Нұр-Сұлтан қ.

70

-

2.

Алматы қ.

65

-

3.

 Ақтөбе облысы

50

55

4.

Атырау облысы

50

55

5.

Ақмола облысы

70

75

6.

Алматы облысы

70

75

7.

Шығыс Қазақстан облысы

60

65

8.

Жамбыл облысы

60

65

9.

Батыс Қазақстан облысы

60

65

10.

Қостанай облысы

70

75

11.

Қызылорда облысы

60

65

12.

Қарағанды облысы

70

75

13.

Маңғыстау облысы

50

55

14.

Павлодар облысы

70

75

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

70

75

16.

Түркістан облысы

60

65

17.

Шымкент қ.

60

-

18.

 

Абай облысы

60

65

19.

 

Жетісу облысы

70

75

20.

 

Ұлытау облысы

70

75

 

приказ
Дата публикации
28 июня 2022