Күнбағыс майын өндіру және көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау

2020 жыл және 2021 жылғы қаңтар-маусым кезеңіндегі күнбағыс майын өндіру және көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау

 

Бұл талдаудағы тауар - күнбағыс майы, ал тауар нарығы - күнбағыс майын өндіру және көтерме саудада өткізу.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 бекіткен тізбеге сәйкес күнбағыс майы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіреді.

Талдау жүргізу барысында Агенттіктің аумақтық бөлімшелері республика өңірлерінде күнбағыс майын көтерме саудада өткізумен                                     152 субъектінің айналысатынын анықтады. Бастапқы ақпарат ретінде Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қорытындылары, сондай-ақ нарықтар субъектілерінің, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және                         т. мәліметтері пайдаланылды.

Күнбағыс майын өндірумен айналысатын негізгі өңірлер Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы болып табылады.

ҚР күнбағыс майы нарығының теңгерімі

тонна      

(статистика деректері бойынша)

Кезең

Өндіру

Экспорт

Импорт

Тұтыну

2020 год

323 218

111 266,7

101 444,4

313 395,8

2021 жылдың 1-жарты жылдығы

170 209,4

47 390,6

37 634,5

160 459,3

Жоғарыда көрсетілген теңгерімнен 2020 жылы күнбағыс майының импорты осы өнімді тұтынудың жалпы көлемінің 23,8%-ын құрайтыны шығады.

Баға белгілеуге және күнбағыс майы бағасының өсуіне әсер ететін негізгі себептер, ең алдымен, сатып алу бағасы, күнбағыс шикізатының құны, ЖЖМ (тасымалдау) бағасы, күнбағыс майы нарығының сұранысы мен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Жалпы республика бойынша күнбағыс майының нарығы жоғары шоғырланған болып табылады.

Қазақстан Республикасының нарығында күнбағыс майын сату мәселелері:

- Ресейден әкелінетін майлардың басым бөлігі толық толтырылмайды, затбелгіде 5 литр жазылған, іс жүзінде 4,7-4,8 литр, бағасы арзан, Қазақстан Республикасының қадағалау органдары бақыламайды.

Осы тауар нарығындағы негізгі кедергілер:

- елеулі қаржы салымдарының қажеттілігі, яғни осы тауар нарығына кіру және қызметті жүзеге асыру үшін әлеуетті бәсекелестерде қажетті материалдарды (мамандандырылған техника (қымбат тұратын), жабдықты, көлікті, персоналды) қамтитын қажетті материалдық-техникалық база болуы тиіс;

- жетіспеушілік (күнбағыс майы) және шикізат құнының өсуі. Басқа елдер, Ресей мен Украина шикізат экспортына кедендік баж салығын енгізді. Ресейде баж тауардың кедендік құнының 6,5%-ын құрайды, бірақ тоннасына 9,75 евродан кем емес (дереккөз http://www.ved.gov.ru - Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі). Қазір Украинада 10% мөлшерінде экспорттық баж салығы бар (дереккөз – АӨК Ақпарат/ Украина және әлем Азық-түлік өнеркәсібі).

Маусымдықтың әсері өте айқын, себебі ең аз сұраныс кезеңінде кәсіпорындарда күнбағыс майын сату және өндіру іс жүзінде тоқтайды (ең жоғары сұраныс кезеңі тамыздан қарашаға дейін, ең төменгі сұраныс кезеңі қаңтардан ақпанға дейін - осы айларда көтерме сауда жоқ).

Анықталған кедергілер мен жүйелі проблемаларды ескере отырып, мынадай ұсыныстар жіберу ұсынылады:

- ауыл шаруашылығы өндірушілерінен шикізат (күнбағыс) сатып алуды өнімді жинау күніне ағымдағы төмен бағалар бойынша жүзеге асыру осы өндірушілерге бағаны көтермеуге мүмкіндік береді. Ал шикізатқа сатып алу бағасының өсуі – күнбағыс болса, жыл ішінде түпкілікті ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын орта есеппен 30%-ға және одан да көп көтеруге болады;

- ӘМАТ (күнбағыс) өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алаңдарын ұлғайту;

- Ресей мен Украинадағы сияқты, бағаның өсуі немесе шикізат экспортына кедендік баждарды енгізу байқалатын тауарлар мен шикізат экспортына квоталауды енгізу.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған шаралар кешенін әзірлеп жатыр, онда мынадай іс-шаралар көзделген:

- экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімін субсидиялаудың күшін жою;

- сыртқы нарықтарға ауыл шаруашылығы шикізаты мен дайын өнімнің (қарақұмық, күнбағыс және т.б.) экспортына шектеулерді (квоталарды) уақтылы қолдану үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін тұтынудың/өндірудің болжамды теңгерімін әзірлеу;

- әлемдік бағалардың өсуі кезінде бюджетке кірістердің бір бөлігін алуды және осы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру есебінен субсидиялауды, сондай-ақ отандық шикізатты қайта өңдеушілердің жүктемесін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы шикізатын (бидай, қарақұмық, күнбағыс және т.б.) әкетуге икемді экспорттық баждарды енгізу;

- ӘМАТ өндірісіне арналған егіс алаңдары мен басым дақылдар өндірісін ұлғайту.

Күнбағыс майын өндіру және көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
Дата публикации
31 декабря 2021