ЖОЛ МҰНАЙ БИТУМЫН ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША
ҚОРЫТЫНДЫ
2026 жылғы шілде Астана қаласы
Агенттіктің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті жол мұнай битумын өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.
Талдау бәсекелестік деңгейін айқындау, нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерді анықтау, бәсекелестікті қорғауға және дамытуға, монополиялық қызметтің алдын алуға, оны шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында жүргізілді. Сондай-ақ мемлекет қатысуының дәрежесін және оны одан әрі қысқарту мүмкіндіктерін, оның ішінде жол саласының битуммен қамтамасыз етілу деңгейін төмендетпей, жекелеген активтерді жекешелендіру арқылы бәсекелестік ортаға беру мүмкіндіктерін бағалау жүргізілді.
Талдау жүргізу барысында Департамент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы №13 бұйрығымен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесін басшылыққа алды.
Бастапқы ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығы» АҚ-ның ақпараттары, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметтері, сондай-ақ мемлекеттік статистика органының деректері және өзге де жалпыға қолжетімді ақпарат пайдаланылды.
Әдістеменің 7-тармағына сәйкес тауарлардың өзара алмастырылу критерийлерін, оның ішінде баламасы жоқ тауарлар мен бір тауар нарығында айналымдағы тауарларды айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:
- тауардың атауын белгілеу;
- тұтынушының таңдауына әсер ететін тауар сипаттамаларын айқындау және осы тауармен әлеуетті өзара алмастырылатын тауарларды анықтау;
- өзара алмастырылатын тауарларды айқындау.
Әдістеменің 8-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тауардың атауы тиісті қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер негізінде айқындалады.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының ережелеріне сәйкес:
Битум – күрделі көмірсутектер қоспаларынан және олардың бейметалл туындыларынан (көміртектің күкіртпен, азотпен, оттекпен және басқа да химиялық элементтермен қосылыстары) тұратын қатты немесе тұтқыр-пластикалық, шайыр тәрізді (қою қоңыр немесе тіпті қара түсті) өнім (термопластикалық материал).
Құрылыста қолданылатын битумдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Құрылыс битумдары (мастикалар, гидрооқшаулағыш және басқа да материалдарды дайындауға арналған);
Шатыр жабындарына арналған битумдар (жұмсақ шатыр жабындарына арналған материалдар үшін);
Жол битумы – әртүрлі жол жабындарын өңдеу және сіңдіру, топырақты өңдеу, сондай-ақ асфальтбетон дайындау кезінде қолданылады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде осы тараудың мақсаттары үшін тауардың атауы битум ретінде айқындалады, бұл ретте осы қорытынды шеңберіндегі кейінгі монополияға қарсы талдаудың объектісі жол битумын өткізу нарығы болып табылады.
Әдістеменің 9-тармағына сәйкес сатып алушының таңдауына әсер ететін тауардың қасиеттерін айқындау функционалдық, сапалық және техникалық сипаттамаларды, бағаны, өткізу шарттарын және қосымша қасиеттерді талдау негізінде жүргізіледі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның деректеріне сәйкес жол құрылысына арналған битумды таңдау бірнеше факторға, оның ішінде климаттық жағдайларға, қозғалыс қарқындылығына және жол жамылғысының түріне байланысты.
Негізгі ескерілетін сипаттамалар:
Тұтқырлық: битум минералдық материалдармен жеткілікті адгезияны және әртүрлі температура жағдайларында деформацияға төзімділікті қамтамасыз ететін жеткілікті тұтқырлыққа ие болуы тиіс.
Жұмсару температурасы: бұл көрсеткіш битумның өзінің пішінін жоғалтып, пластикалық күйге өте бастайтын температурасын көрсетеді. Климат ыстық өңірлер үшін жұмсару температурасы жоғары битумды пайдалану қажет.
Иненің ену тереңдігі: бұл параметр битумның қаттылығын және жүктемелерге төтеп беру қабілетін айқындайды.
Эластикалығы: температураның өзгеруі және жүктемелердің әсері кезінде жол жамылғысында жарықтардың пайда болуын болдырмау үшін маңызды.
Асфальтқа арналған битум мынадай сипаттамаларға ие болуы тиіс:
Ескіруге төзімділігі: ұзақ уақыт бойы өзінің қасиеттерін сақтай алу қабілеті.
Термиялық тұрақтылығы: құрылымын өзгертпей жоғары және төмен температураларға төтеп беру қабілеті.
Адгезиясы: минералдық материалдармен жақсы ілінісу қабілеті, бұл жол жамылғысының беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мұнай жол битумдарына қатысты мынадай нормативтік құжаттар қолданылады:
- БНД 60/90 маркалы битумға ГОСТ 22245-90 «Мұнай жол тұтқыр битумдары. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандарты қолданылады;
- БНД 70/100 және БНД 100/130 маркалы битумдарға ГОСТ 33133-2014 «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары. Мұнай жол тұтқыр битумдары. Техникалық талаптар» мемлекетаралық стандарты қолданылады, ол Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты ретінде қолданысқа енгізілген, сондай-ақ СТ РК 1373-2013 «Битумдар және битумдық тұтқыр материалдар. Мұнай жол тұтқыр битумдары. Техникалық шарттар» ұлттық стандарты қолданылады.
Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, ПНХЗ ГОСТ 33133 және СТ РК 1373 талаптарына сәйкес БНД 100/130 және БНД 70/100 маркалы битум өндіреді.
CaspiBitum СТ РК 1373 талаптарына сәйкес БНД 70/100 маркалы битум өндіреді, сондай-ақ БНД 100/130 маркалы битум өндіруге, битумды «Big Bag» қаптамасына орауға және жылына 120 мың тонна полимер-модификацияланған битумөндіруге мүмкіндігі бар.
«Асфальтобетон 1» ЖШС БНД 70/100 маркалы битум өндіреді, сондай-ақ 50/70, 70/100, 100/130 маркалы полимерлермен модификацияланған битум өндіруге мүмкіндігі бар.
«QAZAQ BITUM Processing» ЖШС БНД 70/100 маркалы битум өндіреді, сондай-ақ тиісті өтінімдер болған жағдайда БНД 50/70, БНД 100/130, БНД 70/100, БНД 60/90 маркалы битумдарды және БМП 50/70 және 70/100 маркалы полимерлермен модификацияланған битумдарды (жылына шамамен 110 мың тонна) өндіруге мүмкіндігі бар.
Талдаудың мақсаттарын ескере отырып, қарастырылып отырған тауарлар ретінде БНД 60/90, БНД 70/100 және БНД 100/130 маркалы мұнай жол битумдары айқындалды, себебі аталған маркалар Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде негізгі және ең кеңінен қолданылатын битум түрлері болып табылады.
Энергетика министрлігі мен Автомобиль жолдары комитетінің ақпаратына сәйкес, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде битуммен өзара алмастырылатын тауарлар жоқ.
Битум маркалары бойынша асфальтобетондарды қолдану саласы СТ РК 1225-2019 стандартында сипатталған. Қолданылатын битум маркасы қолданылатын өңірдегі жылдың ең суық кезеңіндегі орташа айлық температураға байланысты айқындалады. Битумдарды қолданудың ұсынылатын саласы СТ РК 1373-2013 стандартында сипатталған. Қолданылатын битум маркасы жол-климаттық аймаққа және қолданылатын өңірдегі жылдың ең суық кезеңіндегі орташа айлық температураға байланысты айқындалады.
Битумды сақтау талаптары ҚР 218-196-2022 «Битумды және полимер-модификацияланған битумды сақтау және тасымалдау шарттары бойынша ұсынымдар» құжатында сипатталған.
Қазақстанда битумды сақтау өнімнің осы түрін тасымалдау және сақтау талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте оның сапасы мен қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Битумды сақтаудың негізгі әдістері мен шарттары:
Битум дәстүрлі түрде материалдың едәуір көлемін сыйғызуға қабілетті үлкен резервуарларда немесе битум шұңқырларында сақталады. Әдетте, мұндай сыйымдылықтар қыздыру жүйелерімен жабдықталады, себебі пайдалану және тасымалдау ыңғайлы болуы үшін битум сұйық күйде сақталуы тиіс. Температураны ұстап тұру аса маңызды, өйткені қатқан битум өзінің пайдалану қасиеттерін жоғалтып, оны қолдану қиындайды.
Аз көлемде немесе қысқа мерзімге сақтау кезінде битумды арнайы бөшкелерге немесе контейнерлерге орауға болады. Бұл әдіс битумды қысқа қашықтықтарға тасымалдау немесе ірі резервуарларды орнату мүмкіндігі жоқ жерлерде пайдалану үшін қолайлы.
Кейбір жағдайларда, әсіресе ірі құрылыс жобаларында, жылжымалы битум қондырғылары пайдаланылады. Олар битумды тікелей құрылыс алаңында сақтауға, оны қыздыруға және жұмыс аймағына тікелей беруге мүмкіндік береді. Бұл материалдың шығынын азайтып, ірі объектілердегі логистиканы жеңілдетеді.
Әдістеменің 9-тармағына сәйкес өзара алмастырылатын тауарларды анықтау тұтынушының тауарларды іс жүзінде алмастыруына немесе тұтыну (оның ішінде өндірістік тұтыну) процесінде бір тауарды екіншісімен алмастыруға дайындығына негізделеді. Бұл ретте олардың функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы мен параметрлері ескеріледі.
Әдістеменің 11 және 12-тармақтарына сәйкес өзара алмастырылатын тауарларды анықтау тұтынушының тауарларды іс жүзінде алмастыруына немесе тұтыну (оның ішінде өндірістік тұтыну) процесінде бір тауарды екіншісімен алмастыруға дайындығына негізделеді. Бұл ретте олардың функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы мен параметрлері ескеріледі. Өзара алмастырылатын тауарларды анықтау кезінде монополияға қарсы орган тұтынушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша алынған ақпаратты пайдаланады.
Әдістеменің 5-тармағының 8) тармақшасына сәйкес тауарлардың өзара алмастырылу критерийлерін айқындау кезінде соңғы үш жылдағы тиісті тауар нарықтарына жүргізілген алдыңғы талдаулардың нәтижелері пайдаланылуы мүмкін.
Талдау жүргізу үшін 2024 жылы жүргізілген бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері, оның ішінде «гипотетикалық монополист тесті» рәсімі пайдаланылды.
Жол құрылысы саласындағы кәсіпкерлік субъектілері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша мұнай жол битумы өзара алмастырылмайтын тауар болып табылады. Барлық респонденттер алмастырушы тауарлардың жоқтығын көрсетті, сондай-ақ БНД 60/90, БНД 70/100 және БНД 100/130 маркалары өзара алмастырылмайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, битум бағасының 5–10 %-ға өсуі тауарды таңдауға әсер етпейді. Алайда қолданыстағы өнім беруші тарапынан баға өскен жағдайда тұтынушылар өнім берушіні ауыстыруға, сондай-ақ битумды өз облысынан тыс жерлерден сатып алуға дайын.
III. ТАУАР НАРЫҒЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫН АЙҚЫНДАУ
Тауар нарығының шекаралары тұтынушылар тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарды сатып алатын аумақты айқындайды, егер экономикалық, технологиялық және өзге де себептерге байланысты оны аталған аумақтан тыс жерлерден сатып алу орынсыз болса.
Әдістеменің 17-тармағына сәйкес нарықтың шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігін мынадай критерийлер бойынша ескере отырып айқындалды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарды еркін сатып алу мүмкіндігі – Қазақстанда битумның ірі өндірушілері жұмыс істейді, бұл нарықта битумның болуын қамтамасыз етеді. Импорттаушылар мен дистрибьюторлардың бүкіл ел бойынша кең таралған сату желісі бар, бұл битумды әртүрлі өңірлерде қолжетімді етеді;
2) тауардың құнына қатысты көлік шығындарының негізділігі мен ақылға қонымдылығы – тұтынушының жол мұнай битумын дербес импорттауы көлік және кедендік шығындарды, өндіруші елге байланысты шығыстарды, сондай-ақ тұтынушы елдің аумағындағы ішкі тасымалдау шығындарын қамтиды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында елдің әртүрлі облыстарында орналасқан отандық өндірушілер, сондай-ақ бүкіл ел бойынша сату желісі бар импорттаушылар жұмыс істейді, бұл көлік шығындарын төмендетеді;
3) тасымалдау кезінде тауардың сапасын, сенімділігін және өзге де тұтынушылық қасиеттерін сақтау – мұнай құрылыс битумын сақтау кепілді мерзімі өндірілген күннен бастап 1 жылды құрайды, бұл тиісті логистика мен сақтау жағдайларында оның сенімді сақталуын қамтамасыз етеді. Осының арқасында битум өзінің бастапқы сапалық сипаттамаларын жоғалтпастан ұзақ қашықтықтарға тасымалдана алады, бұл оның нарықтағы айналымын қарастыру кезінде маңызды фактор болып табылады;
4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулердің (тыйымдардың) болмауы. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағына жол мұнай битумын әкелуге тыйым салынбаған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175-н/қ бұйрығымен 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге ЕАЭО СЭҚ ТН 2713 20 000 0 коды бойынша мұнай битумын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды. Аталған шара битумды үшінші елдерге экспорттауды шектейді, алайда оны Қазақстанға әкелуге және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда шеңберінде тасымалдауға кедергі келтірмейді;
5) тауарларды өткізу және жеткізу жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестіктің тең жағдайларының болуы – нарық субъектілері үшін қолайсыз жағдайлардың бірі мұнайды қайта өңдеуге беретін давальцерлердің нарықтың басқа қатысушыларымен салыстырғанда шикізатқа қол жеткізуде елеулі артықшылықтарға ие болуы болып табылады.
Әдістеменің 20-тармағына сәйкес тұтынушылардың (сатып алушылардың) тауарды сатып алу мүмкіндіктерін шектейтін тауар айналымының шарттары анықталған жоқ.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, нарықтың шекарасы ретінде Қазақстан Республикасының аумағы айқындалды.
Тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығы зерттеудің мақсатына, тауар нарығының ерекшеліктеріне және ақпараттың қолжетімділігіне байланысты айқындалады. Зерттеудің уақыт аралығы 2024 және 2025 жылдар болып айқындалды.
Тауар нарығында қызмет ететін нарық субъектілерінің құрамына белгіленген уақыт аралығы шегінде нарықтың айқындалған шекараларында қарастырылып отырған тауарды өткізетін барлық нарық субъектілері енгізіледі.
Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда битум өндіретін 4 зауыт жұмыс істейді: «ПНХЗ» ЖШС, «Caspi Bitum» БК ЖШС, «QAZAQ BITUM Processing» ЖШС, «Асфальтобетон» ЖШС. Олардың жалпы өндірістік қуаты жылына ХХХ тоннаны құрайды.
мың тонна
|
Атауы |
2024 жылғы нақты көрсеткіш |
2025 жылғы нақты көрсеткіш |
2026 жылғы қуаттылығы |
|
ПНХЗ |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
CaspiBitum |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
QAZAQ BITUM Processing |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
Асфальтобетон 1 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
Жоғарыда келтірілген кестеден нарық құрылымында шамамен 70 %-ды мұнайды өңдеу арқылы өндірілген битум, ал гудроннан өндірілетін битумның үлесі шамамен 30 %-ды құрайтыны көрінеді.
ПНХЗ-дан жол мұнай битумын ресурс иеленушілер өткізеді («KC Energy group» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «КоЖаН» АҚ, «SK PETROLEUM» ЖШС және т.б.).
«CaspiBitum» БК ЖШС жол мұнай битумын өндіреді, ал оны өткізуді «Қаражанбасмұнай» АҚ жүзеге асырады.
«Асфальтобетон 1» ЖШС және «QAZAQ BITUM Processing» ЖШС гудроннан өндірілген битумды өндіруді және оны дербес өткізуді жүзеге асырады.
ҚР МКК деректеріне сәйкес, мұнай жол битумын 2024 жылы 40 нарық субъектісі, ал 2025 жылы 34 нарық субъектісі өткізген.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 165-бабына сәйкес 9 тұлғалар тобы айқындалған.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес жол мұнай битумы нарығының балансы төмендегідей қалыптасады.
мың тонна
|
Көрсеткіштің атауы |
2024 |
2025 |
|
Өндіріс |
924 |
1 004 |
|
Экспорт |
36 |
88 |
|
Импорт |
367 |
391 |
|
Ішкі тұтыну |
1 255 |
1 307 |
Тауар нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты пайдаланылды.
2024 жылы 60/90 маркалы битумды өткізу нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу
|
№ |
Нарық қатысушысы / тұлғалар тобы |
Көлемі |
Үлесі |
|
1 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
2 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
3 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ |
|
2024 жылдың қорытындысы бойынша 60/90 маркалы битум бойынша нарық субъектілерінің жиынтық үлесі 50 %-дан жоғары болғандықтан, ХХХ және ХХХ субъектілерінің үстем жағдайы анықталды, бұл ретте мынадай мән-жайлар ескерілді:
2024 жылы 70/100 маркалы битумды өткізу нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу
|
№ |
Нарық қатысушысы / тұлғалар тобы |
Көлемі |
Үлесі |
|
1 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
2 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
3 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
4 |
… |
… |
… |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ |
|
70/100 маркалы битум бойынша ХХХ және ХХХ субъектілерінің жиынтық үлесі 50 %-дан жоғары болғандықтан, олардың жиынтық үстем жағдайы анықталды, бұл ретте мынадай мән-жайлар ескерілді:
2024 жылы 100/130 маркалы битумды өткізу нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу
|
№ |
Нарық қатысушысы / тұлғалар тобы |
Көлемі |
Үлесі |
|
1 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
2 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
3 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
4 |
… |
... |
… |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ |
|
100/130 маркалы битум бойынша ХХХ нарық субъектісі 35 және одан да жоғары пайыздық үлеспен үстем жағдайға ие, бұл ретте мынадай шарттар ескерілді:
2025 жылы 60/90 маркалы битумды өткізу нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу
|
№ |
Нарық қатысушысы / тұлғалар тобы |
Көлемі |
Үлесі |
|
1 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
2 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
3 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
4 |
… |
... |
… |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ |
|
2025 жылдың қорытындысы бойынша 60/90 маркалы битум бойынша ХХХ және ХХХ субъектілерінің жиынтық үлесі 50 %-дан жоғары болғандықтан, олардың үстем жағдайы анықталды.
2025 жылы 70/100 маркалы битумды өткізу нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу
|
№ |
Нарық қатысушысы / тұлғалар тобы |
Көлемі |
Үлесі |
|
1 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
2 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
3 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
4 |
… |
... |
… |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ |
|
70/100 маркалы битум бойынша ХХХ нарық субъектісі 35 және одан жоғары пайыздық үлеспен үстем жағдайға ие, бұл ретте мынадай шарттар ескерілді:
2025 жылы 100/130 маркалы битумды өткізу нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу
|
№ |
Нарық қатысушысы / тұлғалар тобы |
Көлемі |
Үлесі |
|
1 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
2 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
3 |
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ |
|
4 |
… |
... |
… |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ |
|
100/130 маркалы битум бойынша ХХХ нарық субъектісі 35 және одан жоғары пайыздық үлеспен үстем жағдайға ие, бұл ретте мынадай шарттар ескерілді:
VII. ТАУАР НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕС ОРТАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҒАЛАУ
Әдістеменің 64-тармағына сәйкес бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау үшін нарықтық шоғырлану коэффициенті CR-3 және Герфиндаля–Гиршманның нарықтық шоғырлану индексі (HHI) пайдаланылды.
Шоғырлану коэффициенттері мен Герфиндаля–Гиршман индекстерінің мәндеріне сәйкес шоғырлану дәрежесі бойынша мынадай көрсеткіштер айқындалды.
|
Марка / нарық |
2024 |
2025 |
|
БНД-60/90 |
жоғары шоғырланған нарық |
жоғары шоғырланған нарық |
|
БНД-70/100 |
орташа шоғырланған нарық |
орташа шоғырланған нарық |
|
БНД-100/130 |
орташа шоғырланған нарық |
орташа шоғырланған нарық |
VIII. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕДЕРГІЛЕРДІҢ, ҚИЫНДЫҚТАРДЫҢ НЕ ӨЗГЕ ДЕ ШЕКТЕУЛЕРДІҢ БАР ЕКЕНІН КУӘЛАНДЫРАТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛЕРДІ АЙҚЫНДАУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ТАУАР НАРЫҒЫНА КІРУ ТОСҚАУЫЛДАРЫН АЙҚЫНДАУ
1.1 Жол мұнай битумының көлемдерін бөлу
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның деректеріне сәйкес, 2025 жылдан бастап жол битумын бөлу ҚР Энергетика министрі бекіткен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «КС-Energy Group» ЖШС, «ПНХЗ» ЖШС және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен келісілген «ПНХЗ» ЖШС және «CASPI BITUM» БК ЖШС өндіретін мұнай жол битумын бөлу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Әдістемені қабылдауға 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының битум нарығы мәселесі жөніндегі кеңес барысында берген тапсырмасы негіз болды.
Мердігер ұйымдардың өтінімдері негізінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ай сайынғы бөліністерді қалыптастырып, жібереді, сондай-ақ бөліністердің орындалуына мониторинг жүргізеді. Бұл ретте көлемдердің іс жүзінде алынуы мердігер ұйымдарға және олардың өнім берушілермен жасасқан шарттық қатынастарына байланысты болады.
Бұл ретте Әдістеме тек отандық өндіруші зауыттар – «ПНХЗ» ЖШС және «CASPI BITUM» БК ЖШС-да өндірілетін ірі жол битумы иелерінің («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «КС-Energy Group» ЖШС) жол мұнай битумының көлемдеріне ғана қолданылады. Басқа отандық өндірушілердің, оның ішінде «QAZAQBITUM Processing» ЖШС және «Асфальтобетон 1» ЖШС көлемдері аталған механизммен қамтылмайды.
Сондай-ақ Әдістеме ірі жол битумы иелерінің, өндіруші зауыттардың, ҚР уәкілетті органдарының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның және сатып алушылардың жол битумын өткізу кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді. Бұл ретте ірі жол битумы иелерінің алдағы жеткізу айында жоспарланған ресурстың 30%-ын дербес бөлуі ескеріледі.
Осылайша, Әдістемеде көзделген жоспарланған ресурстың бір бөлігін ірі жол битумы иелерінің дербес бөлуі өндірілетін жол битумының негізгі бөлігін іс жүзінде әкімшілік жолмен бөлуді білдіреді.
Бұдан басқа, жол битумының көлемдерін бөлу әдістемесінде өткізу бағаларын қалыптастыру және реттеу тетіктері көзделмеген. Осыған байланысты бөлініс шеңберінде битумды бөлу өздігінен оның экономикалық негізделген немесе белгіленген баға бойынша өткізілуіне кепілдік бермейді.
1.2 Әкімшілік жолмен бөлу шеңберінде алынған битумды қайта сату
Битумды бөлу тетігін талдау шеңберінде мердігер ұйымдардың бөлініс бойынша алған битумды одан әрі қайта сатуы анықталды.
Мысалы, А субъектісі бөлініс бойынша 1 362,3 тонна битум сатып алып, оның 1 299,2 тоннасын қайта сатқан; Б субъектісі 12 787,5 тонна битум сатып алып, оның 2 343,2 тоннасын қайта сатқан.
Осылайша, Әдістеме формалды түрде жол саласы қажеттілігін битуммен қамтамасыз етуге бағытталғанына қарамастан, белгіленген тетік іс жүзінде өндірілетін жол битумының негізгі бөлігін әкімшілік жолмен бөлуді көздейді. Бұл ретте мердігер ұйымдардың бөлінген ресурсты қайта сату фактілерінің болуы битумды мақсатты пайдалануға бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді және нарықтағы бәсекелестік жағдайларының бұрмалану тәуекелдерін туындатады.
Қолданыстағы көлемдерді бөлу тетігі баға белгілеу мәселелерін реттемейді, кейіннен қайта сатуға тыйым салуды немесе шектеулерді белгілемейді, сондай-ақ алушыларға бөлінген көлемдердің нақты жол жұмыстарын орындау кезінде пайдаланылғанын растау міндетін көздемейді.
Нәтижесінде мердігер ұйымдар бөлінген ресурсты үшінші тұлғаларға сауда үстемесімен өткізу мүмкіндігіне ие болады, бұл бөлу тетігінің мақсатын бұрмалайды, негізсіз делдалдыққа және битумның түпкілікті тұтынушылар үшін қымбаттауына жағдай жасайды. Осылайша, көлемдерді мемлекет формалды түрде бөлгенімен, ресурстың нақты қозғалысы, оның түпкілікті пайдаланылуы және кейінгі өткізу бағасы тиісінше бақылаудан тыс қалып отыр.
Бұған дейін, 2022–2023 жылдардағы талдау қорытындылары бойынша, Агенттік битумды бөлу тетігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттілігіне қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне хат жолдаған.
Қазіргі уақытта Көлік министрлігі 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Жекелеген мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға өзгерістер енгізді.
Аталған өзгерістерге сәйкес автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті мынадай мәселелер бойынша толықтырылды:
- автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезеңінде қажетті жол битумының көлемдерін автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен бірлесіп айқындау;
- жол битумына деген қажеттілікті, өндіріс, өткізу, жөнелту және (немесе) тасымалдау көлемдерін, сондай-ақ жол битумының бөлшек және көтерме бағаларының серпінін талдауды жүзеге асыру;
- автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау үшін қажетті жол битумының көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту;
- автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау үшін қажетті жол битумының көлемдерін бөлуді жүзеге асыру.
Аталған өзгерістер 2026 жылғы қыркүйекте күшіне енеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 26-41-9.1 тапсырмасын орындау шеңберінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қазақстан Даму Банкі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жөндеу жобалары шеңберінде отандық мұнай өңдеу зауыттарынан (бұдан әрі –МӨЗ) жол битумын орталықтандырылған сатып алу жөніндегі пилоттық жобаның операторыретінде айқындалғанын атап өтеді.
Жоба битумды өңірлердегі мамандандырылған қоймалардың қуаттарында сақтауды және кейіннен мердігер ұйымдар арасында логистика мен сақтау шығындарын өтей отырып бөлуді көздейді.
Баға белгілеудің ашықтығын арттыру, жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және делдалдық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында битумды МӨЗ-дерден тікелей сатып алудың пилоттық тетігі әзірленуде.
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қолданыстағы бюджеттік құралдарды пайдалана отырып, орталықтандырылған сатып алу бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар әзірленуде.
Жол битумын қысқы-көктемгі кезеңге уақтылы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай кезеңдерді қамтитын «тапсырыс берушінің материалдары» қағидаты бойынша кезең-кезеңімен іске асырылатын тетік жүзеге асырылуда:
Қазіргі уақытта мамандандырылған ұйымдармен («AksuBitumTerminal» ЖШС, «Бек и Компания» КТ, «КазЖол-ПВ» ЖШС, «ShymkentBitumTerminal» ЖШС, «ЛИМБ 2» ЖШС, «Vik Oil» ЖШС, «КазБитумСервис» ЖШС) рамалық шарттарға қол қойылды.
Аталған шарттар шеңберінде қысқы-көктемгі кезеңге арналған битум қорлары қалыптастырылып, оның жол құрылысы жобаларының қажеттіліктеріне сәйкес өңірлер бойынша бөлінуі ұйымдастырылады.
Бұдан әрі жобаларды «тапсырыс берушінің материалдары» қағидаты бойынша қамтамасыз етудің тұрақты моделіне біртіндеп көшу жоспарлануда. Бұл жол битумының көлемдеріне, сапасына және мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде қазіргі уақытта мынадай мәселелер реттелмеген күйінде қалып отыр:
1.3 Тауар биржалары арқылы битумды міндетті өткізу талабын айналып өту
Әділ бағаны қамтамасыз етуге және мердігер ұйымдардың битумды өндірушілерден тікелей сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған құралдардың бірі – тауар биржасы. 2021 жылы мұнай битумы ағымдағы өндірістік жылда ішкі нарыққа жеткізу жоспарланған битумның жалпы жылдық көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең төменгі үлесі белгіленген биржалық тауарлар тізбесіне енгізілді.
Аталған міндеттеме өздеріне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумның барлық өндірушілері мен меншік иелеріне қолданылады. Битумды биржадан тек құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер ұйымдар сатып ала алады.
Тауар биржаларының әкімшілік деректерін талдау зерттеліп отырған кезеңде барлық өндірушілердің битумды тауар биржалары арқылы өткізбегенін көрсетті. Бұл өнімді өткізу бойынша белгіленген тәртіптің ықтимал сақталмауын көрсетеді және тауар айналымының тең емес жағдайларын туындатады.
Сонымен бірге, аталған факті бойынша Энергетика министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі тарапынан ден қою шаралары қолданылмаған. Осылайша, аталған өндірушілер бәсекелестеріне қатысты неғұрлым қолайлы жағдайға ие болды.
Бұдан басқа, битумды тауар биржалары арқылы міндетті өткізу талаптарының сақталуына бақылаудың болмауы нарықтың ашықтығын төмендетеді. Биржадан тыс мәмілелердің басым болуы тауардың қозғалысын қадағалауды, өндіріс және өткізу көлемдерін салыстыруды қиындатады.
Осылайша, биржалық міндетті өткізу талаптарын орындамайтын субъектілерге заңнамада көзделген ден қою шараларын қолданбау тауар айналымының тең емес жағдайларын туындатып қана қоймай, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін төмендетеді, көлеңкелі экономиканың және бюджетке салық түсімдерінің толық түспеуінің ықтимал тәуекелдерін арттырады.
Осыған байланысты Энергетика министрлігіне нарық субъектілерінің тауар биржалары туралы заңнаманың талаптарын сақтауын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы нұсқама енгізу ұсынылады.
1.4 Конгломераттарды айқындау
Талдау шеңберінде ХХХ және ХХХ құрамындағы конгломерат анықталды, ол нарықтың тәуелсіз қатысушыларына қатысты технологиялық артықшылықтар туындатады. Қалыптасқан өндірістік модель шеңберінде ХХХ көмірсутек шикізатын жеткізуді қамтамасыз етеді, ХХХ оны өңдеуді және жол битумын өндіруді жүзеге асырады, ал дайын өнімді кейіннен өткізу ХХХ арқылы жүзеге асырылады.
Мұндай интеграция топқа мамандандырылған өндірістік қуаттарға кепілдендірілген қолжетімділікті қамтамасыз етеді және өндірістік-өткізу циклін үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нарықтың әлеуетті қатысушысына осыған ұқсас модельді құру үшін тиісті көмірсутек шикізатына, мұнай өңдеу қуаттарына, битумды сақтауға, қыздыруға және тасымалдауға арналған мамандандырылған инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ету немесе осындай ресурстардың иелерімен ұзақ мерзімді шарттар жасасу қажет.
Мұнай өңдеу қуаттарының шектеулілігі, битум өндірісінің шикізаттың белгілі бір түрлеріне технологиялық тәуелділігі және ұқсас инфрақұрылымды құруға жұмсалатын елеулі шығындар жаңа қатысушылардың нарыққа кіруін және тәуелсіз сатушылардың қызметін кеңейтуін қиындатуы мүмкін. Осыған байланысты ХХХ және ХХХ арасындағы вертикалды интеграция нарыққа кірудегі технологиялық кедергілерді күшейтетін фактор ретінде қарастырылуы мүмкін.
1.5 Битумды негізгі қуатқа жатқызу мәселесін қарау
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 176-1-бабына сәйкес негізгі қуат – бұл үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің (бұдан әрі – негізгі қуат иеленушісі) тауары немесе инфрақұрылым объектісі, оған қол жеткізбестен басқа нарық субъектілері тиісті немесе сабақтас тауар нарығында тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыра алмайды.
Жол битумы бірнеше нарық субъектілері өндіретін және өткізетін түпкілікті тауар болып табылады, сондай-ақ оны баламалы отандық өнім берушілерден, импорт арқылы және тауар биржалары арқылы сатып алуға болады. Осыған байланысты нақты бір сатушының өніміне қолжетімділіктің болмауы нарықтың басқа қатысушыларынан өзара алмастырылатын тауарды сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Жол мұнай битумына Кәсіпкерлік кодекстің 176-1-бабының 2-тармағында көзделген критерийлер бойынша жүргізілген талдау оны негізгі қуат ретінде тану үшін қажетті талаптардың жиынтығы жоқ екенін көрсетті, атап айтқанда:
1) технологиялық ерекшеліктерге байланысты тауарды немесе инфрақұрылым объектісін қайталау мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы;
Жол битумы өндірісін тек бір нарық субъектісі ғана жүзеге асыра алатын бірегей тауар болып табылмайды. Қазақстан Республикасының аумағында оны бірнеше кәсіпорын, оның ішінде «ПНХЗ» ЖШС, «CaspiBitum» БК ЖШС, «QazaqBitum» ЖШС және «Асфальтобетон 1» ЖШС өндіреді. Ұсыныстың қосымша көзі – импорт.
Демек, тауарды бірнеше тәуелсіз өндіруші қайта өндіре алады және нарықта ұсына алады, бұл оны қайталаудың технологиялық мүмкін еместігі немесе экономикалық тұрғыдан орынсыздығы белгісінің жоқтығын көрсетеді.
2) негізгі қуат иеленушісінің тиісті тауарға немесе инфрақұрылым объектісіне иелік етуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы болуы;
Жол битумын өндірушілер мен жекелеген меншік иелері өндірілген өнімге меншік құқығына ие және оны өткізу, сақтау немесе заңда көзделген өзге де тәсілдер арқылы оған билік етуге құқылы.
Осылайша, формалды түрде бұл талап тиісті нарық субъектісіне тиесілі битумның нақты көлеміне қатысты орындалуы мүмкін.
Сонымен бірге меншік құқығының болуы азаматтық айналымның жалпы шарты болып табылады және өздігінен негізгі қуаттың бар екенін білдірмейді.
3) негізгі қуат иеленушісінің тиісті тауарға немесе инфрақұрылым объектісіне қолжетімділікті ұсыну мүмкіндігінің болуы;
Битум кәдімгі тауар нарығында айналымда болады және сатып алушылар оны әртүрлі өнім берушілерден сатып алады.
Бір сатушының шарт жасасудан бас тартуы сатып алушыны тиісті битум маркасын басқа өндірушіден, импорттаушыдан немесе өнім берушіден сатып алу мүмкіндігінен айырмайды. Сондықтан сатушының өз тауарын өткізу мүмкіндігінің болуы өздігінен бұл тауарды негізгі қуатқа айналдырмайды.
4) негізгі қуат иеленушісінің тиісті тауарға немесе инфрақұрылым объектісіне қолжетімділікті негізсіз беруден бас тартуы бәсекелестікке теріс әсер етуі;
Белгілі бір өндірушінің немесе битум меншік иесінің өніміне қолжетімділіктің болмауы ұқсас тауарды басқа отандық өндірушілерден, ресурс иеленушілерден, импорттаушылардан немесе тауар биржасы арқылы сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
5) негізгі қуат иеленушісінің тиісті тауар көлеміне, инфрақұрылым объектісіне қолжетімділігі биржалық сауда-саттық арқылы ұсынылмайды.
Жол битумы биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген. Битум өндірушілері мен меншік иелері үшін ішкі нарыққа жеткізу жоспарланған көлемнің белгілі бір үлесін тауар биржалары арқылы өткізу міндеті белгіленген. Демек, заңнамада битумды биржалық сауда-саттық арқылы сатып алу мүмкіндігі көзделген.
Сонымен бірге мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаттары көмірсутек шикізатын өңдеу жөніндегі сабақтас қызметтер нарығында негізгі қуат белгілерінің болуы тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Ол үшін тиісті инфрақұрылым иеленушісінің үстем жағдайын, нақты баламалардың жоқтығын, бос өндірістік қуаттардың болуын және қолжетімділіктен бас тартудың бәсекелестікке теріс әсерін жеке анықтау қажет.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде қарастырылып отырған тауар нарығында бәсекелестікті дамыту бойынша мынадай ұсынымдар әзірленді:
- жол битумының көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлеу кезінде ұсынылатын тетіктердің бәсекелестіктің жай-күйіне әсерін бағалау мақсатында оларды монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісуді қамтамасыз ету;
- заңнамалық деңгейде мемлекеттің монопсониялық жағдайын теріс пайдалануды болдырмайтын, сондай-ақ өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін ашық және экономикалық тұрғыдан негізделген баға белгілеу тетігін айқындау;
- орталықтандырылған сатып алу жүйесі шеңберінде сатып алынатын жол битумын мақсатты пайдалануды мемлекеттік бақылаудың тиімді тетігін көздеу, оның мақсатсыз пайдаланылуына және қайта сатылуына жол бермеу.
IХ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАУАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУЫНЫҢ МАҚСАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Әдістеменің 14-тарауына сәйкес мемлекеттің тауар нарығында болуының орындылығын бағалау мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысу қағидатын ескере отырып жүргізіледі. Аталған қағидатқа сәйкес мемлекет негізінен жеке сектор нарықтың тиісті қажеттілігін өз бетінше қанағаттандыра алмайтын жағдайларда ғана қатыса алады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның (ҚМГ) 2025 жылғы жылдық есебінің деректеріне сәйкес компания акцияларының меншік құрылымына «Самұрық-Қазына» АҚ – ХХХ%, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – ХХХ%, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – ХХХ% және еркін айналымдағы акциялар – ХХХ% кіреді. Үш мемлекеттік акционердің жиынтық үлесі ХХХ % құрайды.
ҚМГ-ның корпоративтік периметріне жол битумы нарығымен байланысты өндірістік және өткізу субъектілері кіреді. Осы талдау мақсаттары үшін ҚМГ корпоративтік тобына тиесілі болу мемлекеттік сектормен байланыс белгісі ретінде пайдаланылады; бұл ретте ол әрбір жекелеген қоғамдағы мемлекеттің үлесіне құқықтық баға беруді алмастырмайды.
|
Субъект |
ҚМГ-ның қатысуы |
ҚМГ-ның қатысуы |
|
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
|
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
|
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
|
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
Қолданыстағы мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын талдау және бағалау нәтижесінде аталған компаниялардың тиісті қызметті жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі бар екені анықталды.
Сонымен қатар нарықта тәуелсіз жеке өндірушілер, сондай-ақ көптеген жеке сатушылар қызметін жүзеге асырады.
жол битумын өндіру және өндірістік қуаттар
|
Өндіруші |
2024, тонна |
2024 жылғы үлесі |
2025, тонна |
2025 жылғы үлесі |
Қуаттылығы, тонна/жыл |
|
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
|
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
|
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
|
ХХХ |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
|
Барлығы |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
ХХХ% |
ХХХ |
Есептеулерге сәйкес, ҚМГ-мен байланысты екі өндіруші 2024 жылы ХХХ тонна өнім өндірді, бұл ішкі өндірістің ХХХ %-ын құрайды. 2025 жылы олардың жиынтық өндіріс көлемі ХХХ тоннаны немесе ХХХ %-ды құрады. Осылайша, аталған периметр бойынша өндіріс көлемі ХХХ тоннаға немесе ХХХ %-ға ұлғайды.
Тәуелсіз жеке өндірушілер 2024 жылы ХХХ тонна, яғни ХХХ %, ал 2025 жылы ХХХ тонна, яғни ХХХ % өндірді. Өндіріс көлемінің төмендеуі ХХХ тонна немесе ХХХ % құрады.
ҚМГ-мен байланысты екі кәсіпорынның жобалық қуаты ХХХ тонна/жыл болып, жалпы ХХХ тонна/жыл қуаттың ХХХ%-ын құрайды. Жеке өндірушілердің қуаты ХХХ тонна/жыл, яғни ХХХ % құрайды.
2025 жылғы ХХХ тонна көлеміндегі тұтыну кезінде жалпы белгіленген өндірістік қуат ішкі тұтыну көлемінен ХХХ тоннаға, яғни ХХХ%-ға артық. Бұл тұтастай алғанда салада өндірістік қуаттың физикалық резерві бар екенін білдіреді.
ҚМГ-мен байланысты кәсіпорындардың қазіргі жоғары үлесі тиісті өндірістік қуаттардың нарықты қамтамасыз етудегі жүйелік маңыздылығын растайды, алайда бұл қуаттарды дәл мемлекеттік меншікте сақтаудың қажеттілігін білдірмейді. Үлесті немесе активті жекешелендірудің өзі өндірістің тоқтатылуын білдірмейді: технологиялық қуаттар мен ішкі нарыққа жеткізу жөніндегі міндеттемелер сақталған жағдайда, өндірістік ресурс өз қызметін жалғастыра береді.
Әдістеменің 78-тармағына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қызмет ететін нарықтың құрылымдық ерекшеліктері қарастырылды.
сұраныс, өндіріс және сыртқы сауда көлемі
|
Көрсеткіш |
2024, тонна |
2025, тонна |
Өзгеріс |
|
Жол битумын тұтыну |
1 255 000 |
1 307 000 |
+52 000 тонн; +4,14% |
|
Ішкі өндіріс |
924 070 |
1 004 249 |
+80 179 тонн; +8,68% |
|
Импорт |
367 000 |
391 000 |
+24 000 тонн; +6,54% |
|
Экспорт |
36 000 |
88 000 |
+52 000 тонн; +144,44% |
Тұтыну көлемі 4,14 %-ға, ішкі өндіріс 8,68 %-ға, ал импорт 6,54 %-ға өсті. Импорттың тұтынудағы үлесі шамамен 30 % деңгейінде сақталды. Демек, ішкі нарықта ұсыныстың отандық та, сыртқы да көздері пайдаланылады.
Тұтынушылардың сұранысына сүйене отырып, жеке нарық субъектілерінің тауар нарығының қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкіндігін бағалау.
|
Көрсеткіш |
2024, тонна |
2025, тонна |
|
Барлық маркаларды өткізудің жиынтық көлемі |
ХХХ |
ХХХ |
|
ҚМГ-мен байланысты субъектілер тобының өткізу көлемі |
ХХХ |
ХХХ |
|
Барлық маркаларды өткізу көлеміндегі топтың үлесі |
ХХХ% |
ХХХ% |
Сонымен қатар, 60/90 маркалы битум бойынша 2025 жылы ХХХ үлесі ХХХ%, ал ХХХ үлесі – ХХХ% құрады; олардың жиынтық үлесі ХХХ%-ға жетті.
Осылайша, жоғары шоғырлану жеке меншік субъектілер арасында да қалыптасуы мүмкін, сондықтан меншік нысанының өзі нарықтық биліктің жалғыз факторы болып табылмайды.
ХХХ өндірістік активтеріне және ҚМГ-ның ХХХ-тағы 50 %-дық үлесіне қатысты жекешелендіру мәселесі өндірістік қуаттарды сақтаудың, ішкі нарықты сенімді қамтамасыз етудің, мемлекеттік үстемдікті жеке монополияландырумен алмастыруға жол бермеудің және монополияға қарсы бақылауды сақтаудың міндетті шарттарын ескере отырып, кезең-кезеңімен қарастырылуы мүмкін.
Х. ҚОРЫТЫНДЫ
БНД 60/90 маркалы битумды өткізу көлемі 2024 жылы – ХХХ мың тонна, 2025 жылы – ХХХ мың тонна;
БНД 70/100 маркалы битумды өткізу көлемі 2024 жылы – ХХХ мың тонна, 2025 жылы – ХХХ мың тонна;
БНД 100/130 маркалы битумды өткізу көлемі 2024 жылы – ХХХ мың тонна, 2025 жылы – ХХХ мың тонна құрады;
БНД 60/90 маркалы битумды өткізу нарығы – жоғары шоғырланған нарық, ал БНД 70/100 және БНД 100/130 маркалы битумдарды өткізу нарықтары – орташа шоғырланған нарықтар.
7) нарыққа кіру кедергілері:
- әкімшілік шектеулер, атап айтқанда, ресурстың негізгі бөлігін әкімшілік жолмен бөлу нарық субъектілерінің тауарға тең қолжетімділігі үшін қосымша кедергілер туындатады, өйткені битумға қолжетімділік тек нарықтық шарттық қатынастарға ғана емес, тиісті разнарядкаларға енгізілуге де байланысты болады;
- битумды бөлудің тең емес тәсілі, атап айтқанда, қолданыстағы бөлу тетігімен қамтылмаған өзге өндірушілердің нарықта болуы;
- разнарядка шеңберінде алынған битум көлемін қайта сатуға бақылаудың болмауы;
- битумды биржалық сауда арқылы міндетті өткізу тетігінің іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жеткіліксіздігі.
8) тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау:
жекелеген битум маркалары бөлінісінде нарық орташа және жоғары шоғырланған болып табылады. Бұл ретте жол мұнай битумының жалпы нарығы 2024 және 2025 жылдары орташа шоғырланған нарық болып табылады.
9) қарастырылып отырған тауар нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдар:
- жол битумының көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлеу кезінде ұсынылатын тетіктердің бәсекелестіктің жай-күйіне әсерін бағалау мақсатында оларды монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісуді қамтамасыз ету;
- заңнамалық деңгейде мемлекеттің монопсониялық жағдайын теріс пайдалануды болдырмайтын, сондай-ақ өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін ашық және экономикалық тұрғыдан негізделген баға белгілеу тетігін айқындау;
- орталықтандырылған сатып алу жүйесі шеңберінде сатып алынатын жол битумын мақсатты пайдалануды мемлекеттік бақылаудың тиімді тетігін көздеу, оның мақсатсыз пайдаланылуына және қайта сатылуына жол бермеу.