Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

                  Әсер ету скринингін қарау туралы

                                  хабарландыру

 

 

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының                  6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭӘДМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі-СЭҚ материалдары)келіп түсті:

1) «Тимирязев ауданының 15 елді мекенінің (Есіл, Жарқын, Дружба, Ленинский, Дзержинский, Ақжан, Москворецкий, Мичурин, Комсомольский, Хмельницкий, Степной, Белоградовка, Докучаев, Ақсуат, Дмитриевка ауылдары) даму және құрылыс схемаларын әзірлеу және түзету» жобасы бойынша түсіндірме жазбалар;

 2) Графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі заманғы пайдалану жоспары (тірек жоспар)» схемалары, «Бас жоспар (негізгі сызба)» схемалары;     

 3) Тимирязев ауданының 15 елді мекенінің (Есіл, Жарқын, Дружба, Ленинский, Дзержинский, Ақжан, Москворецкий, Мичурин, Комсомольский, Хмельницкий, Степной, Белоградовка, Докучаев, Ақсуат, Дмитриевка ауылдары) қала құрылысы жобасына қоршаған ортаға көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингке бастамашылық етуге арналған есептер;

 

ӘЭБ материалдарын әзірлеуші: «KazGeoSaulet» ЖШС.

ӘЭБ материалдарын тапсырыс беруші: «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»КММ. ӘЭБ әзірлеуге жауапты: «СолтүстікҚазақстаноблысыТимирязевауданыәкімдігініңсәулет,құрылыс,тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы,жолаушыларкөлігіжәнеавтомобильжолдарыбөлімі»КММ

ӘЭБ материалдары бойынша қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:    

1) бас жоспарды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

 2) бас жоспарбекітілгенгедейінқоршағанортағажәнехалықтыңденсаулығынақандайәсерлердізерделеуқажетжәненеге?

3) ӘЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

 4) сізде бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2024-2039 жж.

 Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

 Ескертулер және ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі:

2025 жылғы 28 сәуірден 12 мамыр дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 12 мамыр).

 Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.                

 Экологиялық саясат департаменті.

 Тел. 8(7172)74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz

 

Ескертулер және ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде Министрлік Кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz жіберуге болады.   

Сіздің құжаттарыңызды кеңседе +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы алғаның міндетті түрде нақтылау қажет.

 ӘЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

 Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ сайтында.