Шахтинск қаласы әкімдігінің сайтында 23 сәуірде халықтың қатысуы бюджеті шеңберінде жобалық ұсыныстар бойынша тұрғындар арасында ашық дауыс беру аяқталды. Дауыс беру онлайн режимде өтті, онда қала тұрғындары белсенді қатысты.
Дауыс беру нәтижелері төмендегідей болды:
1 жоба - Біздің арманымыздағы балалар мен спорт алаңдары – 93 дауыс (Жеңістің 40 жылдығы көшесі, 56, 56/1, 54, 54/1);
2 жоба - Ойын алаңы - 26 дауыс (Карл Маркс көшесі, 20 үй);
3 жоба - Ертегі ауласы – 45 дауыс (Молодежная көшесі 71 - Молодежная көшесі 73);
4 жоба - Ойын алаңы және футбол корты - 411 дауыс (Абай-Құнанбаев даңғылы бойында, 91, 91А, 93, 89 а үйлерінің ауласында);
5 жоба - №75, 77, 79, 81 үйлердің ауласын абаттандыру– 182 дауыс (Молодежная көшесі бойынша);
6 жоба - Балалардың бос уақытын өткізу алаңын жайластыру - 46 дауыс (Ленинградская көшесі, 50 үй);
7 жоба – Центр-3 ойын алаңы - 402 дауыс (Жеңістің 40 жылдығы көшесі,76, 76/1, 78,80 үй).
Сараптамалық кеңес мүшелерінің бірауыздан шешімімен 2026 жылы барлық жобаларды іске асыру туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар, тоқсан сайын қала әкімдігінің интернет-ресурсында Сіз жоғарыда аталған жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысып, мониторинг жүргізе аласыз.
Құрметті тұрғындар!
«Халыққа қатысу бюджеті» жобасын іске асыру келесі жылы жалғастырылады. Сіздердің әрқайсыларыңыз келесі іс-шараларға бағытталған өз ұсыныстарыңызды ұсына аласыз: аумақты көгалдандыру; тротуарларды абаттандыру және жөндеу; жалпы пайдалану орындарын жөндеу және жарықтандыру, полигондарды жою;жалпы пайдалану орындарында беседкаларды, орындықтарды, урналарды орнату және жөндеу; Спорт және балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Шахтинск қаласының «Халық қатысатын бюджеті» жобасы бойынша жұмыс органы «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ болып табылады. Қосымша сұрақтар келесі байланыс телефондары бойынша 8 (72156) 5-08-11, 2-34-72.
2026 жылы Сіздің қатысуыңызды күтеміз!
«Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ