ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ туралы жадынама

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ туралы жадынама

 

 

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды.

 

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА КӨШУДІҢ МАҚСАТТАРЫ:

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

 

IІ кезең – 2023 жылдан бастап

  • Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;
  • Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.

 

IІІ кезең  – 2024 жылдан бастап

  • Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
  • Жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

 

IV кезең  – 2025 жылдан бастап

  • Азаматтардың қалған санаты.

 

Жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну қажет (270.00-нысан).

 

 

 

ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА НЕ ЖАТАДЫ

1) шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік;

2) шет мемлекетте тіркелген көлік құралы;

3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен жиынтық асатын сомадағы ақша;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның (акционерлік қоғамдарды қоспағанда) жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;

5) жылжымайтын мүлік құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге үлестік қатысу;

6) инвестициялық алтынның болуы;

7) бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (ТҚҚ), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;

8) инвестициялық пай қорларындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі пайлар;

9) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;

10) бірлігінің бағалау құны айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын басқа мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы;

11) дебиторлық / кредиторлық берешек, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;

12) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік.

 

 

Ұсыну мерзімдері

 

  • Қағаз тасығышта – 2023 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей;
  • Электрондық түрде – 2023 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.


Ұсыну тәсілдері

 

      Электронды түрде келесі әдістермен жүзеге асырылады:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» веб-порталы (cabinet.salyk.kz);
  • «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);
  • e-Salyq Аzamat мобильді қосымшасы.

 

Қағаз тасығышта  мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібінде немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы.

 

 

 

 

 

Байланыс нөмірлері:

8 (7212) 41-09-42

8 (7212) 41-08-12

 

Қарағанды облысы бойынша МКД Интернет-ресурсы

www.krg.kgd.gov.kz

 

Қарағанды облысы бойынша МКД аккаунттары:

 

Facebook

https://www.facebook.com/DGD3001

 

Instagram https://www.instagram.com/Karaganda_MKD/

 

Twitter

https://twitter.com/@2017DGD

 

Telegram арнасы

https://t.me/dgdkaraganda

 

You Tube ДГД Караганда

 

Байланысорталығы

1414

 

 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

туралы жадынама

 

Болашақ үшін декларациялаңыз!

 

2023 жыл