Назар аударыңыз! Kezekte.kz веб-порталының барлық
пайдаланушыларына және тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылғы 05 наурыздағы № 1-18/1461-И хатына сәйкес 2022 жылғы 30 мамырдан бастап тұрғын үй алуға кезекке қоюдың ақпараттық сервисі (Shanyraq) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне (бұдан әрі - ДҚБ сервисі) қосылған.
Осыған байланысты, тұрғын үй алуға кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет алушы мен оның жақын туыстары бойынша мәліметтерді (жеке басын куәландыратын құжаттар, неке қию немесе бұзу, қайтыс болу, балалардың тууы туралы куәліктер, тұрғын үйдің болуы немесе болмауы, тіркелуі туралы анықтамалар туралы) беру азаматқа мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген телефон нөміріне 1414 нөмірінен 511 - ИӘ, 512 – ЖОҚ деген жауап беру қажет дербес деректерге қол жеткізуге келісім беру не бас тарту туралы SMS-хабарлама жібере отырып, ДҚБ сервисі арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтардың (қызмет алушының және оның жақын туыстарының) МАБ-та тіркелген ұялы телефон нөмірі болуы қажет.
МАБ-та телефон нөмірін тіркеу https://egov.kz/cms/ru/articles/registration_instruction сілтемесі бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі және 1414-тен SMS-хабарлама алған кезде 10 минут ішінде келесі хабарламалардың бірін жауап ретінде жіберу керек: дербес деректерге қол жеткізуге келісемін/келіспеймін.
Егер азамат:
1) өзінің ұялы телефонының нөмірін МАБ-та тіркемесе;
2) не дербес деректерге қол жеткізуден бас тарту туралы SMS-хабарлама жіберсе;
3) не ДҚБ сервисімен 10 минуттық күту режимі аяқталғаннан кейін дербес деректерге қол жеткізуге келісім туралы SMS-хабарлама жіберсе, мемлекеттік қызметті алу мүмкін емес екенін ерекше атап өтеміз.
SMS-хабарламаны алуда немесе жіберуде қателер немесе проблемалар туындаған кезде egov.kz порталының 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Кезекте тұрған азамат осы SMS-ті елемеген не SMS-ке теріс жауап берген жағдайда, автоматты түрде тексеру мүмкін болмайды және бұл жағдайда кезекте тұрған азаматтарға жылжымайтын мүліктің жоқтығы, отбасы құрамы, жұмыс орны және т.б. туралы анықтамаларды қағаз түрінде жаңарту қажет болады.
Оң жауап болған жағдайда - Shanyraq базасының электрондық жүйесі кезекте тұрған адамның жеке деректерін автоматты түрде тексереді.