Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен @SalyqBot цифрлық салық кеңесшісі іске қосылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен @SalyqBot цифрлық салық кеңесшісі іске қосылды

@SalyqBot – цифрлық салық кеңесшісі қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және келесідей пайдалы қызметтер қарастырылған:

  • пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
  • салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
  • қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
  • жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
  • пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
  • заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Чат-бот ҚР ҚМ МКК-нің байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасына сәйкес, пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы әрқашан да берілген жауаптарға баға және сұрақ қоя алады, чат-бот операторына тікелей өтініш немесе тілек жазу мүмкіндіктері қарастырылған.


Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды барынша азайту, яғни, Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және мәліметтер алу сапасын жақсарту және оны дамыту үшін @SalyqBot цифрлық салық кеңесшісіне жазылыңыз және оны тиімді қолданыңыз.

Байланыс нөмірлері:

8 (7212) 41-08-12

8 (7212) 41-09-60

 

Қарағанды облысы бойынша МКД Интернет-ресурсы

www.krg.kgd.gov.kz

 

Қарағанды облысы бойынша МКД аккаунттары:

 

Facebook

https://www.facebook.com/DGD3001

 

Instagram https://www.instagram.com/karaganda_mkd/

 

Twitter

https://twitter.com/@2017DGD

 

Telegram арнасы

https://t.me/dgdkaraganda

 

You Tube ДГД Караганда

 

Байланысорталығы

1414