«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2023 жылғы қызмет туралы есебі
«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 21 мекен – жайы бойынша орналасқан, байланыс телефондары
8 (7162) 50-91-01, 51-01-03.
«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Халыққа қызмет көрсету орталығы, электрондық үкімет порталы, e-qazyna Мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
- Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру;
- Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу;
- Ауданаралық (облысішілік қала аралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау;
- Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту.
2023 жылы «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен барлығы 1637 қызмет көрсетілген болатын, олардан:
- тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы - тегін негізде 1140 қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы-1, ЭҮП-1139. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру - 237 тегін негізде, мемлекеттік Тізілімнің интернет платформасы арқылы - 237 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
- ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау – 151 қызмет тегін негізде, ЭҮП арқылы - 151 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
- қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 88 тегін негізде, ЭҮП арқылы - 88 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
- ағаштарды кесуге рұқсат беру - 21 қызмет тегін негізде, ЭҮП арқылы-21 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ стендтерінде Көкшетау қаласының әкімдгінің сайтында және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында http://zhkh-kokshetau.akmo.gov.kz орналасқан. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзу болған жоқ.
2023 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым түскен жоқ.
Қызмет алушылар дан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері
Бойынша шағымдары туралы ақпарат
Шағымберушітуралымәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарастыру күні |
Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
2023 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сапа, уақтылылық, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында күн сайын мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізіледі:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерінің себептерін жою бойынша жұмыс жүргізілуде тиісті құқықтық актімен Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар бекітілді, Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі жүргізілуде.
Халық назары үшін.
2023 жылғы 30 наурызға дейін өткізілетін есепті талқылау шеңберінде есепті талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өз пікірлерін, пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін сайтта орналастыруға болады: http://zhkh-kokshetau.akmo.gov.kz / немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынылсын.
«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ байланыс ақпараты
Телефон: 8 (7162) 50-91-01, 51-01-03.
Мемлекеттік органның жұмыс істеу уақыты: сағ 9.00 - 18.30 сағ.дейін
Үзіліс: сағ. 13.00 - 14.30 сағ.дейін
Демалыс: сенбі, жексенбі