«Таза Қазақстан»: Нұра ауданының КТҮ тұрғындарымен кездесу өтті

«Таза Қазақстан»: Нұра ауданының КТҮ тұрғындарымен кездесу өтті
  • «Таза Қазақстан»: Нұра ауданының КТҮ тұрғындарымен кездесу өтті
    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Нұра ауданы әкімінің орынбасары Б.Н. Есжановтың қатысуымен көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарымен кезекті жиналыс ұйымдастырылды.
    «Нұра ауданының тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің бастамасымен өткен бұл басқосуда аулаларды таза ұстау, көгалдандыру және абаттандыру мәселелері қызу талқыланды.
    Негізгі тақырыптар:
    ✅ Тұрғын үй айналасындағы тазалықты сақтау;
    ✅ Инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар;
    ✅ Тұрғындардың жауапкершілігі мен белсенділігі.
    «Біздің тазалығымыз — өз қолымызда!» ұранымен өткен жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алдағы жоспарлар белгіленді.