Соңғы тәулікте КВИ-дің 79 дерегі тіркелді

Соңғы тәулікте КВИ-дің 79 дерегі тіркелді

2021 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысы "сары" аймақта орналасқан, КВИ-дің 8790 жағдайы тіркелді.

Соңғы тәулікте 79, соның ішінде Талдықорған қаласында – 32, Текелі қаласында – 12, Жамбыл ауданында – 6, Еңбекшіқазақ, Талғар, Панфилов, Көксу аудандарында – 4-тен, Сарқан, Ұйғыр аудандарында – 3-тен, Қапшағай қаласы, Қарасай, Іле аудандарында – 2-ден, Қаратал ауданында – 1 дерек тіркелді.

Ауруханаларда 579 адам емделуде, оның 30-ының жағдайы ауыр, 376 адам амбулаториялық ем алуда.