Бос орынға конкурс жариялау туралы хабарлама

Бос орынға конкурс жариялау туралы хабарлама

          «Жетісу облысының ветеринария басқармасы» ММ «Текелі қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының   директоры     лауазымына   конкурс    жариялайды.    

           Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: қала аумағында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

           Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау орны: Талдықорған   қаласы,    Қабанбай  батыр көшесі, 26, 4 қабат, 414 кабинет, тел: 32-90-72,  е-mail: zhetysuvet@mail.ru,     2025    жылдың  13 ақпанынан 28 ақпанын қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 9-00-18-30 дейін.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары ветеринариялық білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес

басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға үміткерлер төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (резюме);

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама.

         Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.