
Жетісу облысы ветеринария басқармасы «Жануарларды ұстау ережелерін бұзу» бойынша ветеринариялық станциясының мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп тұрақты негізде рейдтік іс-шара өткізетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығы «Үй жануарларын ұстау және серуендетудің типтік ережелерін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрықтарыны негізінде заң бұзушылықтар анықталса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жануарларға жауапты қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу» 407‑2-бабының 1-тармағы, 2) үй жануарларын есепке алу; 4) үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін бұзғаны үшін- жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Үй жануарларын ұстау тәртібі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығына сәйкес, үй жануарларын ұстау ережелері мына талаптарды белгілейді:
Үй жануарларын серуендету тәртібі
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №169 бұйрығына сәйкес, үй жануарлары есепке алынып, деректерқорында тіркелуі қажет.