2025 жылдың IV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы: 41 592
оның ішінде:
1) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» – Жетісу облысының ветеринария басқармасы ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы қызмет алушының өтінішін қабылдап, құжаттарын талапқа сәйкестігін тексерген соң, ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия береді.
2025 жылдың IV тоқсанында лицензия берілмеді.
2) «Ветеринариялық анықтама беру» – Жетісу облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 2025 жылдың IV тоқсанында 22 845 ветеринариялық анықтамалар берілді.
3) «Ветеринариялық паспорт беру» – Жетісу облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 2025 жылдың IV тоқсанында 18 466 ветеринариялық паспорттар берілді.
4) «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – Жетісу облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 2025 жылдың IV тоқсанында 281 түзету жұмыстары жасалынды .