Қаңғыбас жануарларды аулау және жануарларға жауапкершілікпен қарау шараларының орындалу барысы

Қаңғыбас жануарларды аулау және жануарларға жауапкершілікпен қарау шараларының орындалу барысы

Қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстарын Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы», Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» және 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес жүргізеді.

          Бүгінгі күні аудан, қала ветеринариялық станцияларымен қаңғыбас ит, мысықтарды аулау және жансыздандыру жұмыстары бойынша жылдың басынан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын орындау мақсатында, облыс бойынша бүгінгі күнге дейін 11 326 ит ауланды (Талдықорған -3571, Алакөл 1103, Сарқан-307, Ескелді-735, Ақсу-1050, Текелі-600, Панфилов-850, Кербұлақ-1100, Көксу-1050, Қаратал-960) оның ішінде 6 082 жансыздандырылды,                4 440  егілді, зарарсыздандырылды, 804 иелеріне қайтарылды. (2024 жылы 10620 жансыздандырылды, 4872 бас егілді, зарарсыздандырылды)

          2025 жылы денсаулық сақтау мекемелерінен 1534 адамды тістеу, тырнау фактілері тіркелді. 926 иелері бар жануарлар клиникалық бақылауға алды, оларға 567 құтырық, эхинакоккоз ауруларына белгілері жоқ деген анықтама берілді. 602 жануар иесіз, ізгілік жолмен жансыздандырылды.

Иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-бабы "Жануарларды ұстау ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 256 жеке тұлғаға 6 307 260 сомасына айыппұл салынды (халықпен жұмыс жүргізу бойынша 6 рейд өткізілді. Іс-шаралардың нәтижесінде ұсақ үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін 235 920 теңге көлемінде айыппұл салынды).