
|
№ |
Санаты |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
|
1 |
Ветеринариялық қауіпсіздік |
Қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты қандай іс-шаралар өткізіледі? |
Қаңғыбас жануарлар, қаңғыбас жануарларды аулау, қаңғыбас жануарларды анықтау және жансыздандыру, иесіз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау, сондай-ақ оларды сәйкестендіру шаралары жүргізіледі. |
2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚР Заңы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасында жануарларға адамгершілікпен және қауіпсіздікпен қарауды қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі ережелер:
Бюджеттік бағдарламалар: Ұлытау облысының ветеринария басқармасы келесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:
Бұл шаралар жануарлардың санын бақылауға, адам мен жануарлардың денсаулығын қорғауға және қоғамда адамгершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. |
қаңғыбас жануарлар, қаңғыбас мысықтар, қаңғыбас иттер
|
||
|
2 |
Ветеринариялық қауіпсіздік |
Ірі қара малдың туберкулезіне зерттеулер қалай жүргізіледі? |
Туберкулезге шалдыққан жануарларды анықтау жүйелі түрде диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте барлық жануарлар 2 айлық жастан бастап әр 30–45 күн сайын тері ішіне туберкулин егу әдісімен зерттеледі. Туберкулинге оң реакция берген жануарлар ауру деп танылады, дереу оқшауланады және 7 күн ішінде өңдеуге ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылады. |
Туберкулез – жануарлар мен адамдардың барлық түрлерінде кездесетін, негізінен созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Ол әртүрлі ағзалар мен тіндерде іріп-шіру үрдісіне бейім ерекше түйіндердің – туберкулдердің пайда болуымен сипатталады. Туберкулезге шалдыққан жануарларды анықтау жүйелі диагностикалық зерттеулер арқылы жүргізіледі. Бұл мақсатта 2 айлық жастан бастап барлық жануарлар әр 30–45 күн сайын тері ішіне туберкулин егу арқылы тексеріледі. Туберкулинге реакция берген жануарлар ауру деп есептеліп, дереу оқшауланады және 7 күн ішінде ет өңдеу кәсіпорындарына өткізіледі. Егер бүкіл табын бойынша қатарынан екі рет теріс нәтиже алынатын болса, жануарлар үш айлық бақылауға қойылады. Осы кезеңде екі рет қосымша зерттеу жүргізіледі. Аллергиялық зерттеулер нәтижесінде теріс нәтиже алынған жағдайда табын туберкулезден сау деп жарияланады. |
Ірі қара малды туберкуллезге зерттеу жүргізу
|