Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша облыс аумағында жүргізілетін ветеринариялық – профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарының орындалуына қажетті ветеринариялық препараттармен 79,6 пайызға қамтамасыз етілді.
Аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша вакцинациялау жұмыстарының 9 айлық жоспары 90,7 пайызға орындалды.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 617 781 бас мүйізді ірі қара малын бруцеллез ауруына зерттеу нәтижесінде 63 бас ауруға оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, 1 801 502 бас ұсақ мүйізді малы бруцеллез ауруына зерттеу нәтижесінде 67 бас ауруға оң нәтиже көрсетті.
Бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың» бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібінің талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.
Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.