Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін 8 742 ит ауланды (Талдықорған қаласы – 2 815, Алакөл ауданы – 779, Сарқан ауданы – 235, Ескелді ауданы – 467, Ақсу ауданы – 804, Текелі қаласы – 451, Панфилов ауданы – 850, Кербұлақ ауданы – 870, Көксу ауданы – 689, Қаратал ауданы – 872), оның ішінде 5 791 басы жансыздандырылды, 2 951 басы егілді және зарарсыздандырылды. Салыстырмалы түрде: 2024 жылы 10 620 бас жансыздандырылып, 4 872 бас егілді және зарарсыздандырылды. 2025 жылы денсаулық сақтау мекемелерінде адамдарды жануарлардың тістеуі мен тырнауына байланысты 716 жағдай тіркелді. Иесі бар 446 жануар клиникалық бақылауға алынды. Зерттеу нәтижесінде 330 анықтама беріліп, құтыру және эхинококкоз ауруларының белгілері жоқ екендігі расталды.