2025 жылғы 5 қыркүйекте «Жетісу облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған жылдық жол картасының 20-тармағы аясында Speaking Club және біліктілікті арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сондай-ақ қызмет барысында этикалық нормаларды сақтай отырып, сапалы жұмыс жүргізуге ынталандыру.
Іс-шара барысында қатысушылар қызметтік этика, кәсіби имидж, көшбасшылық қасиеттер және тиімді коммуникация мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, пікірталас жүргізді. Сонымен қатар, түрлі тақырыптарда тілдік практикалар өткізіліп, қатысушылардың сөйлеу және тыңдау дағдылары пысықталды.
Семинарға белсенді қатысқан қызметшілерге алғыс білдіріліп, осындай іс-шаралардың мемлекеттік қызмет сапасын арттырудағы маңызы атап өтілді.