Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауапкершілігі мен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша өткізілген дөңгелек үстел туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауапкершілігі мен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша өткізілген дөңгелек үстел туралы ақпарат

       Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін жағдайлары (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты баптары – 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) түсіндірілді.
      Аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау, сондай-ақ қоғам алдында мемлекеттік қызмет беделін көтеру мақсатында ветеринария басқармасының қызметкерлерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, дөңгелек үстел өткізілді.
      Іс-шара барысында қызметкерлерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.