
Талдықорған қаласы аумағында автокөлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында көше қиылыстары тағы да 16 жаңа бағдаршаммен толықпақ.
Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Сланов - Ескелді би, Қабанбай батыр - Шахворостов, Қонаев - Рүстембеков, Желтоқсан - Дарабоз ана, Уәлиханов - Балпық би, Уәлиханов - Ескелді би, Әлімжанов - Қабанбай батыр, Уәлиханов - Ақын Сара, Н. Назарбаев даңғылы - Б. Момышұлы, Төлебаев - Балпық би, Төлебаев - Желтоқсан, Абылай хан к\сі Гузель дүкені, Ақылбеков - Шахворостов, Абылай хан – Байсейітов, Балапанов - Зылиха Тамшыбаева, Талдықорған - Үштөбе күре жолы бойында «Жастар -2» ықшам ауданында орнатылады.
"Бағдаршамдарды орнатуға жауапты мердігер - «Компания Орда Құрылыс» ЖШС.
Бүгінгі таңда қаланың 8 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылғандығын айтып өткен жөн. Нақтырақ айтқанда, Сланов - Ескелді би, Уәлиханов - Ақын Сара, Уәлиханов - Балпық би, Уәлиханов - Ескелді би, Н. Назарбаев даңғылы - Момышұлы, Қонаев - Рүстембеков, «Талдықорған - Үштөбе күре жолы бойында «Жастар -2» ы\а және Төлебаев - Балпық би көшелері. Бағдаршамдарды орнату жұмыстары осы жылдың қазан айына дейін жалғасады", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.