
Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тарапынан «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын, ескертулерін қарастыру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жанында жұмыс тобы құрылды.
Үстіміздегі жылдың 17 шілде айында сағат аталған жобалар бойынша берілген ұсыныстар мен ескертулерді қарастыру үшін осы жұмыс тобының отырысы өтті.