
Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бастамасымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2026 жылғы 22 маусымда Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында «Жолаушылар тасымалы, жол инфрақұрылымы және конкурстық рәсімдер саласындағы адалдық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру кезінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту тетіктеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дәріс қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық, есептілік және адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.