
2026 жылғы 08 мамырда «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелеріне арналған басқарма қызметкерлерімен кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілік саласы екені, ал қызметтік әдеп нормаларын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылатыны атап өтілді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына ерекше назар аударылды.
Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметші:
Сонымен қатар, кеңес аясында қызметтік тәртіпті сақтау, іскерлік қарым-қатынас мәдениеті және қоғамдық әрі ақпараттық кеңістікте, оның ішінде әлеуметтік желілерде өзін-өзі дұрыс ұстау мәселелері жеке қаралды.
Қызметтік әдеп талаптарын сақтау халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететіні және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыратыны атап өтілді.
Бұдан бөлек, қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ азаматтармен сапалы әрі уақтылы кері байланысты қамтамасыз ету қажеттігі еске салынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қызметтік әдеп нормаларын, ашықтық, кәсібилік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтудың маңызды шарты екені атап өтілді.