Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

10.04.2026  жыл

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

 

  1. «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026  жылғы  12  мамыр сағат 10.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 103 кабинет  мекенжайы бойынша
    жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
    маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
    туралы хабарлайды.
          2. Конкурсқа мынадай маршрут шығарылады:

ЛОТ № 6

№ 909 «Текелі қ.  – Жетісу а. (Ескелді ауданы) – Қарабұлақ к. (Ескелді ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал»

  1.  Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
    немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
    жеке және заңды тұлғалар қатысады.
          4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет  мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
          5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылғы                             23 сәуір сағат 10.00.
          6. 2026 жылғы 15 сәуір сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
          7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/32-90-08, электрондық пошта: razvitiedor19@mail.ru.

 

 

Басқарма

басшысының орынбасары                                               А. Досжанов